Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қазақалтын» жұмысшыларын қысқарту: уағдаластыққа қол жеткізілді - АРҚА АЖАРЫ

«Қазақалтын» жұмысшыларын қысқарту: уағдаластыққа қол жеткізілді

– «Қазақалтын» серіктестігінің бір мыңнан астам қызметкері қысқарту туралы хабарлама алғаннан кейін, Бестөбе кентінде наразылықтар басталды. Кәсіпорын басшылығы жұмысшылармен келіссөздер жүргізіп, уағдаластыққа қол жеткізілді. Келісім кеніш қызметкерлерін де, кент тұрғындарын да қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Степногор қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 наурызда жергілікті «Рауан» мәдениет үйіне жиналған «Қазақалтын» ЖШС жұмысшылары қысқарту туралы хабарламаларды беруді тоқтатуды, сондай-ақ шахталардан суды сорып алуды, шахталарды іске қосуды және инвесторды ауыстыруды талап еткен.

«Компанияның бас директоры Рүстем Қаракесов жұмысшыларды қысқарту және кәсіпорын жұмысын тоқтату туралы хабарламалар беру, Бестөбе алаңын жаңа инвесторға қайта ресімдеу шараларын жеделдету мақсатында әрі қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылып отырғанын түсіндірді.

Әлеуетті инвестор – «Алтын қазына» ЖШС-нің өкілі Ерлан Қабылденовтің түсіндіруі бойынша, облыс әкімдігі мен ҚР ИИДМ әлеуетті инвестордың аудиті үшін Акционерлік компанияның құжаттарды тезірек ұсынуына жәрдемдескен жағдайда, кәсіпорын үш ай ішінде кеніштегі жағдайды зерделеуге және оң жағдайда шахталардан су айдау бойынша жұмысқа кірісуге дайын екенін хабарлады», – деді Степногор әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, әкімдік «Қазақалтын» қызметкерлеріне Степногордегі өзге өнеркәсіптік кәсіпорындарында бар бос жұмыс орындарын ұсынған, сондай-ақ 6 айға дейін жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер берілетінен жеткізген.

Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, «Қазақалтын» қызметкерлерімен кезекті кездесу наурыздың 31-інде дәл сол «Рауан» мәдениет үйінде өтті. Кездесуге Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан, облыс әкімінің орынбасары Ердос Рамазанов, «Қазақалтын» ЖШС Бас директоры Рүстем Қаракесов және Степногор қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов қатысты.

«Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныс әзірленді. «Қазақалтын» ЖШС басшылығына кәсіпорынның қызметі туралы қажетті ақпаратты әлеуетті инвесторға жеделдетілген тәртіппен ұсыну мүмкіндігі туралы ұсыныс айтылды. Әлеуетті инвесторлардан 1 мамырға дейін ұсынылған ақпаратпен танысуды аяқтау талап етіледі. Бірлескен шешімде көрсетілген шарттар кеніш жұмысшылары мен кент тұрғындарын қанағаттандырды», – деп түсіндірді ішкі саясат басқармасынан.

Уағдаластық пунктерінің орындалуын бақылау Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелді.

Фото: Степногор қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар