Аутизмге шалдыққан баланы қоғамға бейімдеу: ата-аналар тәжірибе алмасты

– Бүгін Астанада аутизммен ауыратын балалардың ата-аналарына арналған «Аutism Talks» шарасы өтті. Оған осы дертке шалдыққан және дамуынан басқа да ерекшеліктер анықталған бүлдіршіндердің 200-ден астам ата-анасы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

photo
«Болашақ» қорының ұйымдастыруымен өткен «Аutism Talks» алаңында ата-аналар аутизм диагнозы қойылған балаларын қоғамға бейімдеу, оқыту және шығармашылық талантын дамыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
photo
Қор төрағасы Динара Ғапланның айтуынша, «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы шеңберінде аутизммен ауыратын 700-ден астам балаға қолдау көрсетілген.

«Жоба аясында қор бүкіл Қазақстан бойынша 70 мамандандырылған оңалту мекемесі мен кабинетін ашты және жабдықтады. Оның ішінде Қазақстанның 22 қаласында 46 инклюзияны қолдау кабинетін аштық. Жоба ерекше білім беруді қажет ететін 2000-нан астам баланы қамтыды. Аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар 700-ден астам бала мектеп табалдырығын аттап, құрдастарымен бір партаға отырды. Ол балаларды бұрын мектептерге және арнайы сыныптарға да алмаған. Енді олар қор жұмысының нәтижесінде барлығымен тең дәрежеде мектепке барып, білім алып жүр. Біздің қордың бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы оқу бағдарламалары да әзірленді, яғни әр бүлдіршіннің ерекшелігіне қарай білім беріледі», – деді «Болашақ» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Ғаплан.

photo

Баласына аталған диагноз қойылғандардың бірі – Қазыбаевтар отбасы. Жанұя сәбиін қоғамға бейімдеу үшін арнайы бағдарлама әзірлеген. Оның нәтижесін көрген ақтөбелік ерлі-зайыптылар өзгелерге де көмектесу мақсатында орталық ашыпты.

«Біздің орталықта 15 маман жұмыс істейді. Бүгінге дейін 2 мыңнан астам балаға диагностика жасадық. Орталықта 35 бала оңалтудан өтіп жатыр. Қазір аутизммен ауыратын балаларға қоғам ыңғайлы болып келеді. Осыдан 15 жыл бұрын, менің балама осы диагноз қойылғанда қоғам мүлдем дайын емес еді. Барлығы менің баламның мектепте оқығанына қарсы болды. «Далаға шығарма, мектепке берме, үйде отырсын» деп, шектеп ұстатуға тырысты. Бірақ, біз жұбайым екеуміз баламен басқаша жұмыс істейміз деп шештік. Осы өз жолымызбен жүріп, жетістікке жете білдік. Оған қуаныштымыз. Осыдан кейін көпшілік бізден көмек сұрап келді. Сұраныс көп болғаннан кейін, біз орталық аштық», – деп атап өтті Сара Қазыбаева.

photo

Шараға ата-аналармен қатар, аутизм дертімен ауыратын балалармен жұмыс істейтін мамандар да қатысты. Олар келушілерге кәсіби кеңес берді.

photo
photo
photo
photo

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар