2 өңірде өзен суы көтеріліп, қар көшкіні болатындығы ескертілді

– 5-6 сәуірде ауа температурасының жоғарылауы болжамына және қарқынды қар еруіне байланысты Есіл өзені алабында су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

«Атбасар қаласындағы Жабай өзенінің суы да тасиды. Қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек 5-7 cәуірде Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар