Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

– Отандық медицина қызметкерлерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, енді медицина және фармацевтика қызметкерлерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

— Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3,42 мөлшерінде;

— Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,34 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

«Жоба Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары болады» делінген 83-тармағын орындау мақсатында әзірленді», — деп түсіндірме берілген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына.

Құжат 19 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар