Көкшетауда із-түзсіз жоғалған 16 жасар қыз іздестірілуде

– Көкшетауда 16 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Полиция іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы 5-сәуірде Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс ортылығының тұрғыны хабарласып, 2006 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған сіңілісі Тойбазар Лейла Асхатқызының жоғалғанын айтты.

Өтініш иесінің сөзінше, жоғалған қыз 2023 жылғы 4 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан хабарсыз, қайда екені белгісіз.

Жоғалған қыздың белгілері: бойы – 150-155 см, дене бітімі арықша келген, шашы қара, қысқа қиылған, көздері – қоңыр.

photo

 

Үстінде күңгірт жасыл түсті күрте, қара түсті шалбар, қара түсті кроссовка киген.

«Көкшетау қалалық полиция басқармасынан барлық аумақтық бөлімшелерге кәмелетке толмағанның белгілері бар бағдарлау жолданды. Жедел-іздестіру іс-шараларына Көкшетау қаласы полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды, кәмелетке толмаған қыздың тұратын ауданындағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде, қаланың басқа аудандары да пысықталуда, қыздың жақын туыстары мен достары сұралды. Полицейлер ықтимал орналасқан жерлерін тексеруде. Жоғалған адамды табуға еріктілер де көмектесуде», – деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, кәмелеттік жасқа толмағанның белгілері бар бағдарлар Whats app мессенджеріндегі әлеуметтік желілер мен чаттарда орналастырылған. Қазіргі уақытта Л.А.Тойбазардың орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда.

«Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардың барлығынан Көкшетау қаласының полиция басқармасына Сәтпаев көшесі, 1 «а» мекенжайы бойынша немесе телефон арқылы хабарлауды сұраймыз 8-(7162)-25-78-05, 8-747-352-16-95 немесе 102», – деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда 9 қабатты үйдің шатырынан құлаған бозбаланың көз жұмғанын жариялаған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар