Ақмола тұрғыны айдаладан 6 мина мен 5 граната тауып алды

– Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Ақмолалықтың айтуынша, қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен шамамен 50 см тереңдіктен алып шыққан.

Сосын бірден полицияға хабарлаған. Жедел тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты.

Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 граната тексеріліп, олардың оқу-жаттығуға арналғаны және өмірге қауіп төндірмейтіні белгілі болды.

photo

Сондай-ақ полиция мен сапер бригадасы жақын маңдағы аумақты тексеріп, жарылғыш заттарға ұқсас заттар таппаған.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды, құқық қорғау органдары бұл заттардың айдалада қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар