Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18 баптарына сәйкес 2023 жылдың 11 сәуірінде сағат 11.00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы шақырылсын.

Сессияның қарауына «Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №7С-23-2 «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және басқа да сұрақтар енгізіледі.

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

177 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар