Қырғызстанда қызамық пен қызылша жұқтырғандар саны артып жатыр

– Қырғызстанда жыл басынан бері қызамық пен қызылшаға шалдыққандар саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық иммунопрофилактика орталығының мәліметінше, 2023 жылдың қаңтарынан бері елде 41 адам қызылшаға және 6 адам қызамыққа шалдыққан.

Атап айтқанда, Бішкек қаласында – 8, Джалал-Абад облысында – 2, Ош облысында – 20, Ош қаласында – 7, Баткен облысында – 2, Шу облысында – 2.

Оның негізгі себебі – халықтың жоспарлы вакцинадан бас тартып, профилактикалық екпенің төмендеуі.

Ведомство қызылша мен қызамықтың алдын алу жайында түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр, республикаға қызылша мен қызамық таралуының алдын алу бойынша эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Қызылша мен қызамық инфекциялық ауруға жатады, ол негізінен ауа арқылы жұғады.

Қызылша белгілері мынадай: конъюнктивит, жөтел, мұрын бітелуі, қалтырау, дене қызуының 38 градусқа көтерілуі, ауыз қуысының бөртуі, аурудың 4-5 күнінен бастап денеге кезең-кезеңімен сулы қызыл бөртпелердің шығуы, алдымен бас пен мойыннан басталып, кейін бүкіл денеге таралады.

Қызамықта бас ауырып, температура 38 градусқа дейін көтеріледі, тамақ ауырады, ринит, таңдайға бөртпе шығады, интоксикация болмайды, жазғыш бұлшықеттерге, арқаға және бөксеге кішкентай бөртпелер шығады.

Қызамық пен қызылшаға қарсы иммунизация балалар мен ересектерді аурудан қолдаудың тиімді тәсілдерінің бірі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар