Конституциялық сот Парламент наурызда қабылдаған 5 заңның Атазаңға қаншалықты сай екенін тексерді

– Конституциялық сот Президенттің өтініші бойынша Парламент қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституциялық сот Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Президенттің 2023 жылғы 29 наурыздағы өтініші бойынша Парламент 2023 жылғы 16 наурызда қабылдаған және Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынған мына нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексерді:

– ҚР Әлеуметтік кодексі;

– «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы;

– «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы;

– «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы;

– «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы.

Конституциялық соттың қорытынды шешімдерінің толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар