Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үсік, нөсер жаңбыр, найзағай: Сегіз өңірде күн бұзылады - АРҚА АЖАРЫ

Үсік, нөсер жаңбыр, найзағай: Сегіз өңірде күн бұзылады

— Қазгидромет синоптиктері 9 сәуір, жексенбі күні ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 сәуірде түнде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

9 сәуірде Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні — 15 м/с.

9 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші — 17-22, кей жерде 27 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді.

9 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні облыстың солтүстігінде, батысында — 15-20 м/с.

9 сәуірде Маңғыстау облысының түнде — орталығында, күндіз — оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

9 сәуірде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с жетеді.

Алматы қаласында ертең кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні — 15 м/с.

9 сәуірде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында күн күркірейді. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны найзағай кезінде 15-20 м/с болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар