Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау тұрғындары әкімнен көмек сұрайды: Бір сәтте күлге айналамыз - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау тұрғындары әкімнен көмек сұрайды: Бір сәтте күлге айналамыз

Бұл туралы редакциямызға Центральный шағын ауданның тұрғындары хабарласып, жанайғайын жеткізді.

Тұрғындардың айтуынша, Центральный шағын ауданында, Абылай хан көшесі мен Ғабдуллин көшелерінің түйісер тұсынан бастап, ескі зират пен Жансая тұрғын үй кешені аралығын қалың қамыс басып кеткен. Қураған қамыстың арасы күл-қоқысқа толы.

«От тиіп кетсе, мына жерден түк қалмайды. Қурап тұрған қамыстың биіктігі адам бойынан асады, арасында не жоқ. Тіпті, қаңғыбастар мен маскүнемдер де осы қамыстың ортасын тұрақты мекеніне айналдырып алған. Орысша айтқанда, «полная антисанитария». Қаланың қақ төрінде осындай салақтықты көргенде жылағың келеді. Әкімдер қайда қарап жүр? Қаланы әбден шашып бітірді. Бұл жерде жол дегенің мүлдем жоқ. Бетін аулақ қылсын, бірдеме бола қалса, жедел жәрдем, өрт сөндіру техникасы өте алмайды. Қанша тұрғын үйлер тұр, жаңадан салғандары да бар. Мүлдем жарық жоқ. Қараңғы қапаста тұрғандаймыз. Балалар үшін өте қаупТІ. Кішкентай балалар осы қамыстың арасымен мектепке қатынайды», – деп жанайғайын жеткізді қала тұрғыны Сырым Өтенов.

Еске сала кетейік, өткен жылы қала әкімі Бауыржан Ғайса журналистермен өткен брифингте аталмыш аумақта демалыс саябағын ашу жоспарда барын айтқан еді. Әкім өз сөзінде, бұған тұрғындар тарапынан белсенділік керек деген еді. Қазіргі таңда тұрғындар демалыс саябағы аймағы салынатынын күнді тағатсыздана күтуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар