Республикалық ғылыми жобалар конкурсында ақмолалық оқушылар 13 жүлдеге ие болды

2023 жылғы 3-7 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті.

Ғылыми конкурстың мақсаты: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңіне 19 секция бойынша – 718 жобамен 905 оқушы (оның 187 топтық жобамен 374 оқушы), оның ішінде ауылдық елді мекендерден 87 оқушы қатысты.

Ақмола облысынан 24 оқушы 22 жобамен қатысты.

Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша (жаратылыстану-математикалық бағыт), І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын-6, грамота-1:

І-орын дәрежелі диплом иегері: 1.Ким Камила – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы,Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы, Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы секциясы бойынша, “Саморазлагаемый биоматериал из чешуи рыб”;

ІІ-орын дәрежелі диплом иегері: 1.Хлубный Роман – Iqanat High School of Burabay 11-сынып оқушысы, техника секциясы бойынша, “Dog-Tor”;

ІІІ-орын дәрежелі диплом иегерлері: 1.Абжанова Махаббат – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, химия секциясы бойынша, “Ашыған сүт өнімдерінің қоректік құндылығын арттыру үшін қоспаларды әзірлеу”; 2.Тлеуғабыл Сабина – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, химия секциясы бойынша, “Ашыған сүт өнімдерінің қоректік құндылығын арттыру үшін қоспаларды әзірлеу”. 3.Потапова Милана – Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, биология секциясы бойынша, “Влияние уровня развития мелкой моторики на мыслительные процессы первоклассников”; 4.Кожахметова Айгерим – Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, химия секциясы бойынша, “Silybum marianum атты өсімдіктің пайдалы және емдік қасиеттерін зерттеу”        5. Хусайн Шахизат – Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, физика секциясы бойынша, “Жоғары биіктіктегі жел генераторы”; 6 .Адилбеккызы Аружан – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы,Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, биология секциясы бойынша, “Зеренді көліндегі кездесетін балық түрлері және оны өсіру жағдайлары”;

Грамота иегері: 1.Тлеулин Нуртас – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы, химия секциясы бойынша, “Суды залалсыздандыру мен тазалаудың заманауи әдістерін қолдану”.

Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) І орын-2, ІІ орын-1, ІІІ орын-2, грамота-4:

І-орын дәрежелі диплом иегерлері: 1. Жылқыбай Айсара – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, тарих секциясы бойынша, “Солтүстік өңірдегі ашаршылық зұлмат ақиқаты (Төлеген Қажыбаевтың «Қан кешу повесі»)”;  2 .Батталова Айсара – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 9-сынып оқушысы, тіл білім (ағылш) секциясы бойынша, “Let’s learn English through fairy tales”;

ІІ-орын дәрежелі диплом иегері: 1.Ракишева Айым – Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласы, №2 “Дарын” облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, тіл білімі (қаз) секциясы бойынша, “Орта ғасыр түркі тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі адамзат және хайуанаттар әлеміне қатысты ортақ лексикалық тұлғалар”;

ІІІ-орын дәрежелі диплом иегерлері: 1.Корниенко Ульяна – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық-лицейінің 10-сынып оқушысы, тіл білімі (орыс) секциясы бойынша, “Роль союза «и» в названии литературных произведений”; 2.Гомзикова Дарья – Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, № 4 “Болашақ” облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, әдебиет (орыс) секциясы бойынша, “Жанр «фэнтези» в современной казахстанской литературе”;

Грамота иегерлері: 1.Мазурок Анастасия – Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы орта білім беретің мектебінің 10-сынып оқушысы, тарих секциясы бойынша, “Семь чудес Бектауского сельского округа”; 2.Азат Альбина – Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, этномәдениеттану секциясы бойынша, “”Қымызмұрындық” дәстүрін насихаттау”; 3.Нұрғамиден Индира – Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, өлкетану секциясы бойынша, “Жақсы ауылында желден электр өндіру мүмкіншілік-тері”; 4.Нурмагамбетова Кымбат – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, құқық негіздері секциясы бойынша, “Аппараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және компьютерлік қылмыстылыққа қарсы тұру саясаты”.

Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар