Өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері  талқыланды

Ақмола облыстық  кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірлік кеңестің өңдеу өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес отырысына бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар өнеркәсіп саласында қордаланған бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Ақмола облысында өңір өндірісінің шамамен 80 пайызы өңдеуші өнеркәсіптің үлесіне тиесілі және негізгі бағыттардың бірі жеңіл өнеркәсіп болып табылады. Өңірде жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын шығаруды бүгінде өңірлік палатаның қолдауымен жеңіл өнеркәсіп қауымдастығына біріккен 17-ге жуық кәсіпорын жүзеге асырады. Осылайша, жергілікті өндірушілер саланы жандандыруға және аймақтық кәсіпорындардың мүдделерін қорғауға барынша ат салысуда.

Бұл туралы өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Екатерина Жукова БАӘ Сауда-өнеркәсіп палатасының Астанада ұйымдастырған кездесуінен алған әсерімен бөлісті. Форумның негізгі бағыттары қазақстандық кәсіпорындардың қатысуын кеңейту, жеңіл өнеркәсіпті дамыту, тұтынушылық сұраныс, инвестиция, сатуды дамыту және тағы басқа мәселелер бойынша талқылау болды.

– Мұндай алаңдар тәжірибе алмасу, іскерлік байланыстар орнату, жалпы аралас салалардағы ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық нарыққа шығу үшін өте тиімді. Мысалы, БАӘ, Түркия, Беларусь бізбен серіктестікке мүдделі, – дейді Екатерина Жукова.

Кездесуге қатысушылар зияткерлік меншік нысандарын, атап айтқанда тауар белгілерін тіркеу мәселелеріне де тоқталды. Сауда белгілері – бұл тауарда қолданылатын және бір өндірушінің тауарларын екіншісінің ұқсас тауарларынан ажыратуға қызмет ететін белгілер болып табылады. Олар өз бизнесін қорғау, тауарлары мен қызметтерін сәтті жылжыту, активтерінің құнын арттыру үшін қажет. Оларға патенттер берілмейді. Айта кетейік, жақында Көкшетаудағы «Ақай» сән үйі тауар белгісін алды.

– Кәсіпорынның атауы мен өнімнің өзі Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелуі қажет. Тіркеу кезінде өнімнің класын (санатын, қызметін) көрсету керек тұқымдар, киім, жарнама, тамақ, спорт, зергерлік бұйымдар, автомобильдер және тағы басқа. Тауар белгісі ретінде белгілі бір тұлғалардың тауарлары мен қызметтерін біртекті тауарлардан немесе басқа тұлғалардың қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін бейнелеу, сөздік, әріптік, цифрлық, көлемдік және өзге де белгілер немесе олардың комбинациясы тіркелуі мүмкін. Тауар белгісі кез-келген түсте немесе түс үйлесімінде тіркелуі мүмкін, – деп атап өтті әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Самат Сайдалин.

Сондай-ақ, СТ-KZ тауарларының шығу тегін сертификаттау және экспорттық сертификаттар мәселелері талқыланды. Палата көзделген құзырет шеңберінде заңнамада белгіленген тәртіппен тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды және оның қолданысының күшін жоюды жүзеге асырады.

–2022 жылы СТ-KZ сертификатын алуға 623 өтінім келіп түсіп, оның 489-ы берілді, 134 өтінім қабылданбады. Экспорттық сертификаттар бойынша 3603 өтінім түсіп, оның 3135-і берілді. Жыл басынан бері СТ-KZ сертификаттары бойынша 161 өтінім түсіп, оның ішінде  149-ы берілді, 12-сі қайта қарауға жіберілді. Экспорттық сертификаттар алуға 884 өтінім түсті, 777-сі берілді, 107 қайта қарауға жіберілді, – деді өңірлік кәсіпкерлік палата директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлік кеңес жанынан алты салалық комитет құрылды: сауда және қызмет көрсету комитеті, туризм комитеті, Білім және денсаулық сақтау комитеті, АӨК және тамақ өнеркәсібі комитеті, өңдеу өнеркәсібі комитеті, құрылыс және ТКШ комитеті.

– Салалық комитеттер бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен неғұрлым тиімді өзара іс-қимылы, оларды дамыту мақсатында бизнес субъектілерінің міндеттері мен проблемаларын шешу үшін құрылған. Комитеттердің міндеттеріне проблемалық мәселелерді анықтау және шешу, салалық сараптама және бизнес құқықтарын қорғау, Нормативтік-құқықтық актілерді сараптау, құзыреттілікті арттыру, салаларды салалық дамыту жобалары, өңіраралық салалық өзара іс-қимыл кіреді, – деп толықтырды Ақмола облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар