Италияда мигранттардың үлкен легінен төтенше жағдай режимі жарияланды

– Италия үкіметі мигранттардың үлкен легіне және оңтүстік өңірлер оларды қабылдау бойынша үлкен қиындыққа тап болып жатқанына байланысты төтенше жағдай режимін жариялады. ҚазАқпарат бұл туралы ANSA-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматтық қорғаныс және теңіз саясаты жөніндегі министр Нелло Музумечидің ұсынысы бойынша қабылданған шешім Министрлер кеңесінде мақұлданған және оған алты айға 5 млн еуро бөлу қарастырылған.

Бұл Жерорта теңізі бағытымен миграцияның артуымен байланысты шұғыл шешім қабылдау қажеттілігінен туындады.

Ішкі істер министрлігінің ресми дерегіне сәйкес, жыл басынан теңізбен 30 мыңнан астам мигрант келді. Бұл цифра 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен 4 еседен астамға көп. Тек 7-10 сәуір аралығында Жерорта теңізіндегі операция кезінде Калабрия мен Сицилия жағалауларында 3 мыңға жуық мигрант құтқарылды. Тунистен келіп жатқан босқындардың дені Африка елдерінің тумалары. Ол жақтан саяси және экономикалық тұрақсыздыққа байланысты ондаған миль қашықтықта орналасқан Италияның оңтүстік жағалауларына қоныс аударып жатыр.

Италия үкіметінің мақсаты –заңсыз миграциямен күрес.

Фото: dw.com

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар