Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында жеңілдетілген кеден дәлізі құрылмақ - АРҚА АЖАРЫ

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында жеңілдетілген кеден дәлізі құрылмақ

– Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында жеңілдетілген кеден дәлізі құрылуы мүмкін. Келісім жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру қажеттігін тани отырып, оңайлатылған кеден дәлізінің дамуын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы уағдаласты», — делінген құжатта.

Мәлім болғандай, аталған жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейді.

«Оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімге 2022 жылы 11 қарашада Самарқанд қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекет басшылары қол қойды. Келісімді ратификациялау кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау нәтижесі ретінде, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға және мерзімін қысқартуға, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты ақпарат алмасуды дамытуға мүмкіндік береді», — деп түсіндірме берілген келісімге.

Құжат 26 сәуірге дейін көпшілі талқылауда болады. Кейін Үкімет ұсынысымен Мәжiлiстің қарауына енгiзiледі. Содан соң қол қою үшін Мемлекет басшысына жолданады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар