Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жайлы жатақхана уақыт талабы - АРҚА АЖАРЫ

Жайлы жатақхана уақыт талабы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының өкілі Қайсар Түлепбаев білім беру саласындағы инвестициялық жобалар  жайында брифинг өткізді.  

Қазіргі уақытта студенттер үшін жатақханадағы орын тапшылығы мәселесі барлық өңірлерде кездеседі.

− Студенттердің жатақханаға сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2018 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс механизмі жұмыс істей бастады. Бұл тетіктің операторы  «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы. Мемлекеттік тапсырыстың осы тетігі іске асырыла бастағаннан бері пайдалануға берілген жатақханалардың жалпы жобалық қуатты 40 мыңнан астам орынға арналды.  «Қаржы орталығы» жалпы  жобалық қуаттылығы 10 мың төсек орындық нысандарды пайдалануда. Бұл көрсеткішті арттыру жұмыстары жалғасуда,−деді Қайсар Түлепбаев.

Механизмнің тұжырымдамасы мемлекет пен жеке сектордың серіктестігіне қатысты. Жеке құрылыс салушы инвестор, оқу орны не кәсіпкер тұлғасында өз қаражаты есебінен объектіні пайдалануға беруді жүзеге асырады. Іске қосылған кезде мемлекет нысаналы мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асырады. Мұнда үш маңызды параметрді атап өту керек.

−Біріншісі орналастыру принципі. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың басты шарты студенттің тұру фактісі болып табылады. Яғни, жан басына қаржыландыру принципі жұмыс істейді.  Екіншісі орналастыру мерзімі. Мемлекеттік тапсырыс құрылыс кезінде 6 жыл және ай сайынғы негізде қайта құру кезінде 8 жыл мерзімге орналастырылады.  Демалыс кезінде соңғы оқу айында тұрған студенттердің саны ескеріледі.

Үшіншісі бұл төлем мөлшері. Құрылыс кезінде бір студентке мемлекеттік тапсырыстың жыл сайынғы мөлшері қалалар үшін 6 жыл ішінде жылына 195 айлық есептік көрсеткіш немесе 672 мың теңгені құрайды. Айта кету керек, алты ай ішінде кәсіпкер жаңа студенттік жатақхана салғанда бір студент үшін 4 миллион теңге ала алады. Яғни, 100 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана салу кезінде мемлекет 6 жыл ішінде құрылыс шығындарын өтеу үшін кәсіпкерге 403 миллион теңге төлейді, −деп толықтырды спикер.

Сондай-ақ, кәсіпкер жатақханаларды тұрмыстық қызмет көрсету үшін коммерциялық алаңдармен жарақтандыруға құқылы. Олардың негізігі тұтынушылары жатақханада тұратын студенттер болады. Мемлекеттен төлем мерзімі өткеннен кейін объект құрылыс салушының меншігінде қалады. Жиын барысында Қайсар Түлепбаев мектептердегі оқушылар орындарының тапшылығы мәселесі жөнінде айтып өтті.

−Бүгінгі таңда оқушы орындарының тапшылығы сезілуде. Мектеп құрылысы үшін 1 оқушыға 8 жыл ішінде 96, ал, мектепті қайта құру үшін 47 айлық есептік көрсеткіш қарастырылды. Мемлекет кәсіпкерге 100 орындық мектеп салу кезінде 8 жыл ішінде 264 миллион және жан басына шаққандағы норматив бойынша 472 миллион теңге төлесе, ал, қайта құру кезінде 129 миллион және жан басына шаққандағы норматив бойынша 472 миллион теңге қаржы төлейді. Мемлекеттік төлемнен басқа, кәсіпкер оқу ақысын белгілеуге құқылы, ол оның кірісі есебінен жүзеге асырылады, − деп түйіндеді өз сөзін спикер.

Ақшалай төлемдер түріндегі мемлекеттің жоғары қажеттілігі мен қолдауын ескере отырып, кәсіпкерлерге жеке мектептер салу тиімді деген қорытынды жасауға болады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар