1969 жылы құрылған «Гүлдер» ансамблі жаңа құрамда қайта құрылды.
Аты аңызға айналған, 50 жылдық тарихы бар Гүлдер» ансамблінің шығармашылығына қазақстандықтардың бірнеше буыны тәнті болып өсті.
Құрамында әр уақытта Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Мақпал Жүнісова, Нағима Есқалиева, Жеңіс Сейдоллаұлы, Бақтияр Тайлақбаев және басқа да көптеген орындаушылар өнер көрсеткен ансамбль бүгінде жаңа өнерпаздармен толықты.
Тамырын тереңге жайған «Гүлдер» ансамблінің жаңа құрамы «Көкшетау» мәдениет сарайы сахнасында ансамблдің алтын топтамасына енген әуезді әндерімен, жаңа заманауи қойылымдарымен көрермен қошеметіне бөленді.