– Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы – 101, коронавирус белгілері бар пневмония 2 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
14 сәуірдегі жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 1 759 адам (коронавирус (КВИ+) –1 575, пневмония (КВИ-) – 184) емделуде. Олардың ішінде 184 пациент стационарда, 1 575 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.
Айта кетейік, 10 сәуірде коронавирус – 54, пневмония 7 адамнан, 11 сәуірде
коронавирус – 65, пневмония 5 адамнан, 12 сәуірде коронавирус – 61, пневмония 3 адамнан анықталды.