Ақмола облысында «Ақбөкен» жедел алдын алу шарасы өтеді

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, табиғатты қорғау полициясы бөлімшелері мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, браконьерлерді анықтау, киіктерді заңсыз аулауды алдын алу және жолын кесу мақсатында республикалық «Ақбөкен» акциясын қолға алмақшы.

Акция сәуірдің 15-нен басталып, мамырдың 15-не дейін жалғасады.
Айталық, киіктер елімізде аулауға мүлдем тыйым салынған жануарлардың түрлеріне жатады және оны атуға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері мен мүдделі мемлекеттік органдар ақбөкендер ең көп мекендейтін аумақтарды ғана емес, бүкіл өңірде де тұрақты негізде алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Еске сала кетсек, ақбөкендерді заңсыз аулау, өндіру, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау бойынша қылмыс жасаған адамға мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, мүйізді ақбөкен үшін залал 1500 айлық есептік көрсеткіш (5 175 000 теңге), ақбөкеннің аналығы мен төлі үшін залал 1050 айлық есептік көрсеткіш (3 622 500 теңге) құрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар