– 16 сәуірде ел аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстікте, солтүстік-батыста – қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, орталықта және шығыста – көктайғақ, бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Қостанай облысының оңтүстік жартысында және батысында, Абай облысының оңтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел күшейеді. Күндіз екпіні 30 м/с және одан жоғары болады.