Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге шақырылды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге шақырылды

Ақмола облысында «Атамекен» ӨКП алаңында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңеске өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы, квазимемлекеттік сектор және бизнес субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Департаменттің превенция басқармасының басшысы Жанат Тұралинов қатысушыларға адал бизнесті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Атап айтқанда, жыл басынан бері «Бизнеске жол» жобасы аясында Департамент Палатамен және мемлекеттік органдармен бірлесіп түрлі салаларда әкімшілік кедергілерге тап болған 300-ден астам кәсіпкердің құқықтары мен мүдделерін қорғады.

Сонымен қатар, спикер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында адал бизнес-ортаны ынталандыру маңызды екенін атап өтті. Сол үшін квазимемлекеттік сектор мен бизнестің парасаттылығына жәрдемдесудің нақты индикаторлары айқындалды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын, ISO 37001 немесе ҚР СТ 3049 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын ерікті түрде енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізген және қолдайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік сатып алу кезінде жеңілдіктер мен преференцияларды, сондай-ақ басқа да қолдау шараларын енгізу.

Отырыстың күн тәртібіне сауда өнеркәсібінің, техникалық реттеудің, зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің проблемалық мәселелері де кірді.
Талқылау нәтижелері бойынша қатысушылар айтылған мәселелерді шешу үшін бірқатар нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар