Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дін үшін күрес: науан хазіретті сібірден қайтару әрекеттері жайында - АРҚА АЖАРЫ

Дін үшін күрес: науан хазіретті сібірден қайтару әрекеттері жайында

 1903 жылы Науан Хазіретті қамаққа алып, сотсыз, тергеусіз Енесей губерниясына жер аударғаннан кейін, Көкшетау уезінің 8 болысы жиналып сол жылдың 30 шілдесінде Ішкі істер министріне Ақмола облысы, Көкшетау уезінің қазақтарының сенімді өкілдері арыз жазады. Көкшетау болысынан Бабаназар Жаңабатыров, Шығыс (Восточный) болысынан Әбуталиб Бакизин, Зеренді болысынан Айдархан Құдықбаев, Жыланды болысынан Сүлеймен Құлмамбетов, Шалқар болысынан Жүсіп Жабатаев, Айыртау болысынан Абу Тоғжанов, Мезгіл болысынан Әлжан Жақсылықов сынды ел ағалары шығып бар мән жайды түсіндіреді.

 ХІХ ғасырдың 20 жылдары мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ даласында екі негізгі проблема күн тәртібіне шығады: 1) ЖЕР мәселесі 2) ДІН мәселесі.  Жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Қару алып қан майданда да, қалам, қағаз алып кеңселерде де арпалыс жүріп жатты. Қазақ зиялылары арызымен ақ патшаның алдына да кірген еді. Бірақ, өкінішке орай, қабылданған заңдар қазақ қоғамын тізеге жығып берді, шұрайлы жерлерден айырылды. Жерге байланысты 1822 жылғы  М.М. Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы жарғысы», 1867-68 жж. «Уақытша ереже», 1891 жылғы «Далалық ереже», 1906 жылғы Столыпиннің реформасы нәтижесінде переселендердің көптеп келіп, орыс деревнялары мен казак станицаларының құрылуына жол ашты.

Екінші даулы мәселе дін болатын. ХІХ ғасырдың екінші жартысында патшалық ислам дінінің таралуына қарсылық танытып, жергілікті халыққа христиан дінін қабылдату, орыстандыру саясатын күшейте түсті. Бір көрінісі мынау, 1868 жылы қазақтарды Орынбор мұсылман діни жиналысы (муфтият) құзырынан шығарып, Батыс Сібір, яғни, нақты айтар болсақ, Ақмола облысы қазақтарының діни мәселелері азаматтық басқармалар арқылы Ішкі істер министрлігіне, оның ішінде «Земство бөліміне», «Департамент духовных дел иностранных исповеданий» яғни «Басқа ұлттардың наным-сеніміне байланысты дін департаментіне» қаратады. 1891, 1898  жылдары әкімшілік ережелерге байланысты діни мәселелер губернаторлар мен әскери басшыларға жүктеледі.

Христиандандыру саясатына қарсы тұрар тұлғалар жергілікті молдалар екенін жақсы түсінген әкімшілік оларды қудалауға ұшыратты. Олардың тізімінің басында Науан Хазірет тұрғаны бесенеден белгілі. Әлихан Бөкейханов мақаласында: «Если бы правительство сознательно пожелало отдалить киргизский народ от русского просвещения и толкнуть его в объятия панисламизма, то ничего нельзя было для этого и придумать, как начать преследование против популярного Науана», – деп ашық жазып жариялайды. Бұл жерде Ұлт көсемінің сөзін «үкімет қазақ халқын әдейі надандыққа итергісі келсе, Науанды қудалаудан бастаудан басқа ештеңе ойлап таба алмады» деп түсінуіміз қажет. 1906 жылғы «Сибирьская жизнь» газетінің №9 санында Ақмола облысы, Көкшетау уезінің сенімді өкілдерінің мынадай мақаласы жарық көреді: «Как известно, при вступлении Вали хана со своим народом (среднюю ордою) в русское подданство, построили за казенный счет 5 мечетей, из них 3 мечети в г. Петропавловск, 1 мечеть в г. Омск и 1 мечеть для самого хана в г. Кокчетаве. При последней мечети было открыто духовное училище – медресе, существовавшее до 1903 г., когда местная администрация упразднило эту школу и конфисковало 154 духовных учебника, находящиеся до сих пор в Кокчетавском уездном полицейском управлении. При этом, Кокчетавский уездный указной мулла Наурузбай Таласов, утвержденный в этой должности еще Степным генерал-губернатором Колпаковским и служивший в Кокчетавской соборной мечети до 1903 г., за стойкость своим религиозным убеждениям в духе Ислама, был выслан административным порядком по распоряжению Степного генерал-губернатора Сухотина на 3 года в Енисейскую губернию» – дейді. Бұл жайында Науан Хазіреттің ең жақын шәкірті Шәймерден Қосшығұлов ақ патша Николай ІІ-ге жазған хатында былай деп жазады: «В городе Кокчетаве при соборной мечети, существовала высшая духовная школа – медресе, в которой обучались дети киргизов. Школа эта открыта в 1886 году и по распоряжению администрации закрыта в 1903 году, причем были конфискованы 154 духовные книги, которые до настоящего времени и находятся при местной полиции.

Ахуном, муллой, как начальником и наставником высших школ был вызванный по настоянию киргиз из Бухары Наурызбай Таласов, который тоже сослан в Енисейскую губернию. По закрытию школ, по конфискациии духовных книг и в небрежном обращении с последним, киргизы усмотрели несправедливое действие уездной администрации…»,–  деген наразылығын білдіреді.

Сонымен Науан Хазірет Енисей губерниясына 3 жылға, қазақтан шыққан тұңғыш депутат, Науан Хазіреттің шәкірті Шәймерден Қосшығұлов Якутияға 5 жылға жер аударылады.

Осы жерде бір мәселені ескеру керек. Жергілікті халық Науан Хазіреттің әділетсіз Енисей губерниясына жер аударуын Ислам дінінің жеңілісі ретінде қабылдаған. Сондықтан Көкшетау уезінің 8 болысының халқы түгелНауан Хазіреттің босап шығуына ат салысып, жергілікті Орыс билігіне қарсы шығады. Мысалы, Шәймерден Қосшығұловтың  1905 жылы қазанда Петербордан Ішкі істер министрі А.Г. Булыгинге жазған хатында Науан Хазіреттің Көкшетауға Сібірден қайтып келуіне байланысты, Медресені қайта ашуға, кітаптарды қайтаруды, Науан хазіреттің бұрынғы қызметіне қайта тағайындауға, метірке кітабын қайта жүргізуге рұқсат беруді талап етеді де сөз соңында былай дейді: «Ваше Высокопревосходительство не только исполните монаршую волю Государя императора, но и успокоите брожение среди 60-ти тысячного киргизского населения Кокчетавского уезда», – деп қорытындылайды. Науан Хазірет бір өзі емес, шәкірттерімен қоса қудалауға ұшырайды. Олардың қатарында Сексенбай Туленкин мен Мұқаш Қадыровтар да бар. Үйлеріне тінтулер жүргізіп, гектограф пен оған байланысты заттар табылады. Сексенбай Туленкинді Зайсанға, Мұқаш Қадыровты Өскеменге жер аударады. Кейін Науан Хазірет те, шәкірттері де елге оралады. Сексенбай Төлен 1917 жылы қажылық парызын өтеп келеді. Мұқаш Қадыров елге сыйлы, Мұқаш молла деген атпен танылады.

Соңғы Науан Хазіретке байланысты табылған  құжаттар туралы айтар болсақ. Жақында Ресей мұрағаттарынан Науан Хазіретті босатуға байланысты жаңа құжаттар табылған болатын. Бұл мәселеге байланысты ел арасында Науан Хазіретті ешкім іздемеген деген сияқты сөздер кездеседі. Сондықтан осы мәселеге тоқталып кетсек. 1903 жылы Науан Хазіретті қамаққа алып, сотсыз, тергеусіз Енисей губерниясына жер аударғаннан кейін, Көкшетау уезінің 8 болысы жиналып сол жылдың 30 шілдесінде Ішкі істер министріне Ақмола облысы, Көкшетау уезінің қазақтарының сенімді өкілдері ретінде арыз жазады. Көкшетау болысынан Бабаназар Жанбатыров, Шығыс (Восточный) болысынан Әбуталиб Бакизин, Зеренді болысынан Айдархан Құдықбаев, Жыланды болысынан Сүлеймен Құлмамбетов, Шалқар болысынан Жүсіп Жабатаев, Айыртау болысынан  Абу Тоғжанов, Мезгіл болысынан Әлжан  Жақсылықов сынды ел ағалары шығып бар мән-жайды түсіндіреді.

1901 жылы Троицкий Наурызбай Таласовтан метірке тіркейтін кітаптарды алып қойды. Тәркілеу себебі – қазақтарда молда мен шариғат заңдары болмау керек деген қағида болатын. 1885 жылы генерал-губернатор Колпаковский Наурызбай Таласовты Көкшетау уезінің 8 болысының  молдасы етіп сайлаған болатын. Ал 1901 жылы Троицкий Көкшетау қаласына 8 болыс, 69 би қатысқан халық жиналысын өткізіп, дін, салт-дәстүр жайында еш хабары жоқ бола тұрып, Далалық облыстарда ешқандай шариғат болмау керек деп жариялайды. Жаза мен үлкен айып пұлдар тағамыз деп қорқыта отырып, молдалардан 1. Ислам жайында дәрістер өтуге; 2. Құранға қол қойып ант қабылдауға; 3. Некені молдаларға қидыруға (некені ауыл старшиндарына қидыру керек деген заң шығарады); 4. Метірке кітабын жүргізуге тыйым салып, барлық ел ағасына қол қойып, мөрлерін басуды бұйырды. Бірақ дін бостандықтарына қол сұққан Троицкийдің бұл бұйрығын ешбір болыс, би қабылдамай қарсы шығады. Троицкий онда әскери губернаторға арыздансаңдар болады деп құтылады.

Осылай 69 би мен елағасы өз араларынан Сүлеймен Құлмамбетовты 7 болыстың атынан халық сенімдісі ретінде сайлайды, ал Қотыркөл болысы Шәймерден Қосшығұловты сайлайды, бірақ басқа болыстарда Қосшығұловқа қол қойып, халық сенімдісі ретінде сайлайды. 1901 жылдың 29 қыркүйегінде Сүлеймен Құлмамбетовты әскери губернаторға арыздануға Омбыға жібереді, ол арызды тапсырады, бірақ еш жауап ала алмайды. Шәймерден Қосшығұлов 1902 жылы 21 шілде күні арызын тапсырады. Әскери губернатор ол арызға да жауап бермейді. 1902 жылы 9 қазанда «Акмолинские областные ведомости» газетінің №41 санында №100 бұйрық шығады. Онда молдалардың іс-әрекетін тоқтату және егер «Далалық ереженің» 79-бабын орындамаса молдаларды қатаң жазаға тарту керек деп жазады. Осыған орай зиялы қауым хаттарында былай деп жазады: «личное мнение и рассуждение  с разными комментариями автора и толкование одного лица не есть закон. Ст. 97 гласит, что каждой волости пологается один мулла, но права их не объясняет.  В ст. 79 говорится о правах волостного правления, вовсе не касается  управления духовными делами инородцев»,– деп генерал-губернатордың бұйрығын қабылдамайды.

1903 жылдың 2 сәуірінде мешіт пен медреседе, Науан Хазіреттің үйінде тінту жүргізеді, барлық кітапты алып кетеді.  Мешіт, медресені жауып тастап, Шәймерден Қосшығұловты қамауға алады. 9 мамырда әскери губернатор келеді, сүйтіп оған 3 рет арызды табыстайды, кездесіп ауызша да мән-жайды баяндайды. Кездесу барысында: «Мы со своей стороны никогда не сопротивлялись правительству и все требования власти всегда исполняли, лучшие земли уступили и уступаем русским переселенцам, подати и все государственные налоги платили исправно, натуральную и земскую повинности беспрекословно исполняли, надеясь что на нас за наши религиозные убеждения никаких гонения и притеснений не будет. В заключение мы просили узаконить наши мусульманские права как верноподданных обожаемого нами монаха и дать то право, которое присуще нам как мусульманам,» —  деп айтады.

20 мамырда Троицкий Мезгіл болысына 3 болыстың адамдарын жинап бұйрықта еш өзгерістер болмайтындығын, молдаларға Құранға қол қойып ант беруді доғарып, антты билер қабылдау керектігін айтты. Халық бұл мәлімдемеге молдасыз, Құрансыз басқа ешкімге ант бермейтінін жариялайды. Бұл туралы: «Вслушав это Троцкий пришел в неописуемое бешенство, топал ногами и кричал , что всех арестует и посадит в тюрьму. Народ видя своего начальника в состояние раздражения просил его выразить письменно свое требование на что Троицкий ответил отказом,»– деп халықтың оның қорқытуларына бас имегендігін атап көрсетеді.

4 шілде күні Далалық губернатор Науан Хазірет пен Шәймерден Қосшығұлов екеуін әкімшілік тәртіппен  Иркутскіге жер аударып жібереді.

Осыдан кейін губернаторлардан еш пайда болмаған соң, араларынан 12 болыстың атынан халық сенімділері ретінде Бабаназар Жаңабатыров пен Әбутәліп Баказинді сайлап, Санкт-Петербургке Ішкі істер министріне арыз беруге жібереді. 25 шілдеде Санк-Петербургке барып 30 шілде күні 12 болыстың атынан Ішкі істер министріне арызын әкеп тапсырды. Жауап ала алмай, 4 ай Санкт-Петербургте күтіп жатады. Талап – Науан Хазірет пен Шәймерден Қосшығұловты босату және діни рәсімдерді бұрынғыша орындау. Бұл талаптарды қарастырған уақытта Патшалық шенеуніктері былай дейді: «При этом было обнаружено, что мулла Таласов при помощи киргиза Косшегулова ведет агитацию против правительственных распоряжений. За что означенные лица высланы в Сибирь административным порядком», –  дейді.

Ал дін мәселесіне келген уақытта, Көкшетау уезінің игі жақсыларының Патшалықтың өз заңдарын өздеріне талдағандары басшылықты тығырыққа тірейді: «Нельзя не заметить что содержающееся в приведенном приказа за №100 распорежение генерал-губернатора предстовляется актом несогласным с законом и во всяком случае неосторожным», – дей келе, былай қорытындылайды, – «Вообще распоряжение Степного генерал-губернатора, изложенное в приказ за №100, не только не достигнет цели устраненние мулл от вмешательство в указынные в том приказе дела киргизов, но, наоборот, придаст муллам в случае преследования их, как это требуется приказом значение мучеников за религию. Подобное распоряжение способно возбудить религиозный фанатизм в массе киргизского населения доселе индиферентного к религии, т.е. сопроводиться для магометанства таким успехом, какого не достигли самые ретивые пропагаторы ислама. С этой точки зрения распоряжение генерал-лейтенанта Сухотина представляется едва ли согласным с интересами русского дела на инородческой окрайне».

Патшалықтың Басқа ұлттардың наным-сенімі туралы діни департаменті былай қаулы етеді: «Земский отдел имеет честь препроводить при семь в Департамент духовных дел иностранных исповедании по принадлежности переписку по ходатайству доверенных киргизских обществ Кокчетавского уезда, Акмолинской области о разрешении киргизским муллам совершать мусульманские обряды». Яғни жергілікті ұлттың діни рәсімдерін толық орындауына рұқсат бермеске амалдары қалмайды. Осылайша  Көкше қазақтарының талаптарын қабылдауға тура келді. Бұл дін үшін күресте Науан Хазіреттің екі шәкірті, халық сенімділері Бабаназар Жаңабатыров пен Әбутәліп Баказиннің елге алып келген жеңісі, сүйінші хабары еді.

Бірақ бұл хаттың негізінде Науан Хазірет те, Шәймерден Қосшығұлов та босатылмайды. Олар екі жылдан кейін 1905 жылы босайды. Ал 1905 жылы Алаш зиялылары 17 қазан манифесіне байланысты жарияланған бостандықтарды іс жүзінде асыруды сұрап патша атына петиция дайындайды. Ол құжат атақты «Қарқаралы петициясы» немесе «Қоянды петициясы» деген атпен мәлім. Ресей  астанасына жөнелтілген петициялардың саны үшеу болатын. Жақып Ақбаев, Әлихан Бөкейхановтар 20 маусымда ұйымдастырып жіберген  петицияда былай дейді: «Жағдайды оңалту және халықтың өз экономикалық ахуалын көтеруіне пұрсат беру үшін қазақ өлкесін басқаруда қазіргі кезде мына төмендегі кемшіліктерді жойып, халықтың қазіргі тіршілік жағдайына үйлесімді шаралар қолдану қажет деп білеміз:

  1. 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған «Далалық ережеге» сәйкес қазақтардың діни істері Ішкі істер министрлігінің хұзырында қалып отыр. Жергілікті әкімшілік орындары соңғы кезде бірсыпыра қуғын-сүргін шараларын жүзеге асырды. Атап айтқанда, 1903 жылы Петропавл, Көкшетау, Павлодар және Семей уездерінде белгілі-белгілі қазақтардың үйінде тінту жүргізілді. Соның барысында алынған кітапханалар әлі күнге дейін иелеріне қайтарылмай отыр. Ол ол ма, Көкшетау уезінің қазақтары Наурызбай Таласов пен Шәймерден Қосшығұлов өздерінің діни нанымы үшін алғашқысы Енисей губерниясына, соңғысы Якут облысына жер аударылды…»(1905 жылғы 26 маусым. Қоянды жәрмеңкесі). Түпнұсқасына 12 767 адам қол қойған.

1905 жылы Науан Хазірет пен шәкірттері дін аман елге оралады.

Қорыта айтқанда, Науан Хазіреттің дін үшін күресі, елдің Науан Хазірет үшін және оның шәкірттері үшін күресі Арқа жерінде ислам дінін сақтап, христиандандыру процесін тоқтатқан үлкен дүмпу болды. Әрине Науан Хазірет туралы әлі де терең зерттеу қажет ететін мәселелер өте көп. Оның бәрін әзірге уақыт еншісіне қалдыра тұрайық.

Саят ЫБЫРАЙ,
тарихшы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті
қызметкері, Астана халықаралық университетінің
жоғары өнер мектебінің деканы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар