Бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік мобильдік топқа ауыл шаруашылығы саласындағы ЖШС директоры проблемалық мәселесімен жүгінді.
Өткен жылдың наурыз айынан бастап аудандық жер комиссиясы кәсіпкерге бау-бақша өсіру үшін жер телімін беруден бас тартқаны белгілі болды.
Кәсіпкердің мәселесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың қатысуымен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында қаралды.
Сонымен қатар, Департамент басшылығының әкімдікпен кездесуі өтті, онда мәселені шешу жолдары талқыланды.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша жер комиссиясы кәсіпорынға жер учаскесін беру туралы оң шешім шығарды.
Дереккөз: www.gov.kz