Ақмола облысы әкімінің өкімімен Кенеш Ғалибекұлы Әлімжанов Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Кенеш Ғалибекұлы 1978 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. 1999 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «заңгер» біліктілігі бойынша, 2007 жылы – Зулкайнар Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін – «есеп және аудит бакалавры», 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қостанай қаласы «Қостанай автобус паркі» ЖШС заңгері болып бастады. Әр жылдары әртүрлі басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Тағайындауға дейін Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.