Интернет баяу істейтін ауылдарды статистикадан шығардық – Бағдат Мусин

– Қазақстандағы интернетпен қамту туралы статистика едәуір төмендетілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта біз өңірлерге ревизия жүргізіп, спутниктік желілер арқылы байланыс орнатылған елді мекендерді жалпы статистикадан алып тастадық. Себебі, онда интернет қағаз жүзінде бар, іс жүзінде адамдар оны пайдалана алмайды. Интернет өте баяу, тіпті жаңалықтар лентасының өзі бірнеше сағат бойы жүктеледі. Сондықтан, статистиканы дұрыстап, елді мекенге жеткізілген интернет сапасының белгілі бір стандарттарын бекіттік», – деді министр Jibek Joly телеарнасының эфирінде.

Осылайша, Қазақстан елді мекендерін интернетпен қамту статистикасы біршама төмендеген.

«Бізде мыңдаған ауылдың интернетке қосылғаны туралы жақсы статистика болды. Бірақ, сол ауылдар тұрғындарының интернет сапасына арыз-шағымы да қатар түсіп жатты. Сондықтан, байланыс сапасын тексеру үшін шалғай ауылдарға сапарлап жатырмыз, операторлар байланыс бар деп есеп бергенімен, шын мәнінде жағдай мүшкіл екенін көрдік. Осылайша, статистикалық ақпаратты өзектендіріп, жеткілікті түрде шындыққа жанастырдық», – дейді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ел тұрғындарын сапалы интернетпен қамту мәселелері қаралды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар