Ақмола облысында 5 ауылдық округтің әкімі сайланды

– 23 сәуірде Ақмола облысының 5 ауылдық округінде әкімдер сайлауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 3 721 азамат енгізілді. Оның 2 754-і немесе 74,01%-ы дауыс беруге қатысты. Жалпы кандидаттар саны – 15 адам. Барлық 5 сайлау округінде әкімдер сайланды. Оның ішінде, «AMANAT» партиясы ұсынған 1 адам, өзін-өзі ұсыну арқылы тіркелген 4 адам», – деп жазылған өңір әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламада.

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сай, мына кандидаттар келесі ауылдық округтердің әкімі болып сайланды:

1. Дахай Жәрдембек Беловод ауылдық округі әкімі болып сайланды. 1985 жылы туған, бұл уақытқа дейін Ақмола облысы Жақсы ауданы Киев ауылының әкімі қызметін атқарған.

2. Есентаев Бейбіт Мырзалыұлы Отрадный ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 1987 жылы туған, осы уақытқа дейін Жарқайың ауданының «Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы болы еңбек еткен.

3. Кәрімжанов Арман Нарбайұлы Мәдениет ауылының әкімі болып сайланды. 1978 жылы туған, бұл кезге дейін «Колос золотая Нива» ЖШС инженері болып қызмет атқарған.

4. Сахнова Людмила Павловна Каменск ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 1982 жылы туған, «Каменск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы болып еңбек еткен.

5. Беген Серікжан Сергейұлы Нұресіл ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 1980 жылы туған, «СМЭУ-Астана» ЖШС бағдаршам шаруашылығы құрылысы және қызмет көрсету бөлімінің апаттық қызмет көрсету және құрылыс бөлімшесінің инженері болып қызмет атқарған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар