Ақмола облысының əкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Шын жүректен 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның көпұлтты мәдениеті мен дәстүрлері баға жеткізгісіз игілігімізге айналды. Ынтымақтастық, бірлік, патриоттылық – біздің ұлттық игілігіміздің негізі. Біздің бірлігіміз күшті, мақсатымыз ортақ, рухымыз жоғары екендігін, осының нәтижесінде кез-келген қиындықты жеңіп шығатындығымызды өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та атап көрсеткен болатын. Ортақ мұраттар мен құндылықтарды биік қоя отырып, барша халқымыздың күш-жігеріне сүйене отырып, біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға батыл қадам жасап келеміз.

Біздің қасиетті Ақмола өңірінде әр ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еліміздің игілігі жолында қоян-қолтық еңбек етіп келеді. Біз жас ұрпақ бойына үлкендерге құрмет көрсету, мұқтаж жандарға қол ұшын беру, өзіміздің туған жерімізді қастер тұту және сүю қағидасын сіңірудеміз. Біздің бәрімізді достықтың берік тамыры біріктіре түсуде. Мұнда  біздің негізіміз және өткен күнге сеніміміз жатыр.

Ақмола облысы бүгінде үлкен экономикалық дамуды бастан кешуде. Азық-түлік тағамдары өндірісі, тау-кен, өңдеу және химия  өнеркәсіптерінің көлемі өсе түсуде, кәсіпкерлік алға басуда. Көптеген аудандарда қаржыландыру бірнеше есеге артты. Ал, бұл жаңа әлеуметтік-нысандарды салудың, қордаланған проблемаларды шешудің жаңа мүмкіндіктері. Осы жетістіктердің бәрінде әрбір ақмолалықтың үлесі бар.

Біз бәріміз бірлесіп бұл жұмысты алға апара түсеміз. Барлық мақсаттардың өз шешімін табуы біздің қажырлы еңбегімізбен, өзара ынтымақтастығымыз және бір-бірімізге деген құрмет сезімімізбен тығыз байланысты. Осы маңызды қағидалар ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық пен экономикалық өсімнің берік іргетасы болып табылады.

Құрметті жерлестер! Осы бір тамаша мереке кезінде біздің әрқайсымыз достық пен бірліктің, бір-бірімізге құрметтің біз үшін қаншалықты маңызды екендігін тағы бір айқын сезіне түседі. Осы жолда әрбір отбасына өмірдің жақсылығын, ынтымақ-берекенің мол несібесін тілеймін. Біздің республикамызда әрқашан бірлік, бейбітшілік пен гүлдену жасампаз өмір салтына айнала берсін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл біздің көпұлтты елімізде тұратын адамдардың әрқайсысының жанына жақын әрі қымбат мереке.

Республикамыздың негізгі жетістіктері Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық этникалық топтар өкілдерінің бірлігі, достығы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болып отыр. Біздің әл-ауқатымыздың іргетасына айналған бұл іргелі құндылықтар бүгінде бүкіл әлем жаһандық қақтығыстар мен ауыр катаклизмдерді бастан кешірген кезде, біздің елімізге әлемдік экономикалық жағдай өз әсерін тигізіп жатқан кезде өте маңызды.

Бірліктің, өзара қолдаудың, мақсаттардың ортақтығының, рухтың төзімділігінің арқасында біз барлық қиындықтарды лайықты түрде жеңе алатынымызға, жасампаздық пен прогресс жолында жаңа табыстарға қол жеткізетінімізге және Жаңа, Әділетті Қазақстан құра алатынымызға нық сенімдімін.

Осы мереке күні сіздерге, қымбатты ақмолалықтар, бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, амандық, өзара түсіністік, табыс, сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасына өркендеу тілеймін!

 Бейбіт  Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар