Сенбі күні таңертеңмен шаһарда қолына айыр, күрек ұстаған халықтың қарасынан көз сүрінді. Бұл күні облыс орталығын кір-қоқыстан тазартуға шыққан тұрғындар қаланың әр бұрышын тазалауға кірісіп кетті. Жалпы, Көкшетау қаласы 218 учаскеге бөлініп, әр ауданға жауапты ұжымдар бекітілді. Қала ішінде 35 техника қоқыс шығаруға жұмылдырылды.
Көкшетау қалалық және Ақмола облыстық мәслихат депутаттарына Көкшетау мәдениет сарайының жанындағы учаске бекітіліпті. Халық қалаулылары Орталық алаң мен Абылайхан, Талғат Бегелдинов, Біржан сал мен Ақан сері ескерткішінің жанындағы аумақты жапырақтар мен қоқыстардан тазартты.
Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымдары да жан жақты тазалауға кірісіп кетті. Мәселен, жарқайыңдық партиялықтар Ұлы Отан соғысы ескерткішінің жанына ағаш көшеттерін отырғызып, ескерткіш маңын әктеді. Дәл осындай тазарту жұмыстары Ақмола облысының әр түкпірінде қарқынды жүрді.
«Біз қыстан шыққан бойда жолдарды тазартып, шұңқырларды жамап, қоршауларды жуып, түзетуіміз қажет. Қаланың өзінде ғана емес, шағын аудандарда да. Жастарда, балаларда, ересектерде де осы мәдениетті қалыптастыру керек», деп бөлісті партияластар өз ойымен.
Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Сондықтан болар, 1Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесі қарсаңында сенбілік өткізу аманаттықтардың дәстүріне айналған.
«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы