Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалықтар 1 мамыр мерекесін кеңінен атап өтті - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалықтар 1 мамыр мерекесін кеңінен атап өтті

– Ақмолалықтар 1 мамыр мерекесін сән – салтанатпен атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласында Қопа көлінің жағажай аумағында ұйымдастырылған мерекелік шараға жиналған халықтың қарасы көп болды. Шара аясында облыстың әр өңірінен жиналған шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Бір шаңырақ астында» және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен «Достық дәмі» облыстық фестивальдері өтті. Әуелеген әсем ән мен мың бұралған бишілердің концерттік бағдарламасы, түрлі ұлттық спорт ойындары мерекенің шырайын одан сайын аша түсті.

photo

 

Сонымен бірге, қаз-қатар тігілген 17 шатырда қала тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстан халқының ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен тағамдарының, тағы 3 шатырда тақырыптық мазмұндағы сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмелері ұсынылды.

Жиналғандар алдында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова сөз сөйлеп, қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтады.

«Қазақстан халқының бірлігі күнін облыстың әр өңірінен жиналған шығармашылық ұжымдардың «Бір шаңырақ астында» және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Достық дәмі» облыстық фестивальдерімен кең көлемде атап өтіп отырмыз. Бүгін мерекелік шарамызға Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана қаласының ең дарынды ұжымдары қатысуда. Мереке баршаңызға құт береке әкелсін!», — деді Айгүл Сәбитова.

Сонымен бірге, «Көкшетау» мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күніне және Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Би — рух тынысы» атты хореографиялық фестивалінің гала-концерті өтті. Гала-концертке Солтүстік Қазақстан облысы, Ерейментау, Қорғалжын, Аршалы, Атбасар, Сандықтау аудандарының, сондай- ақ, Астана, Степногор және Көкшетау қалаларының би ұжымдары қатысып, өз өнерлерін паш етті. Фестиваль соңында қатысушылар дипломдармен және 100 мың теңге ақшалай сертификаттармен марапатталды.

photo
photo

 

Мерекелік шара кешке облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жастарға арналған ойын-сауық бағдарламасына жалғасады.

Айта кетсек, Ақмола облысында жүзден астам ұлт мен ұлыстың өкілдері өмір сүріп жатыр. Облыста өз халқының мәдениетін, тілін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін насихаттап, дамытумен айналысатын қырыққа жуық этномәдени бірлестік тіркелген, оның ішінде 20 бірлестік Көкшетау орналасқан. Олардың шығармашылық қызметін ұйымдастыруда Көкшетау және Степногор қалаларында Достық үйлері, Зеренді ауданында Достық ортралығы қызмет етеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын көкшетаулық қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Алена Малькова-Солопованың қазақ тілінен сабақ беріп жүргенін жазған едік.

photo
photo
photo
photo
photo

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар