Бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік мобильдік топқа электр беруші ұйым тарапынан әкімшілік кедергілерге тап болған Атбасар ауданының жеке кәсіпкері жүгінді.
ЖК бұрынғы қонақ үйдің ғимаратын сатып алып, кафе-дүкенге айналдырғаны белгілі болды. Алайда, «АЭҮК» АҚ жанындағы Атбасар аудандық электр желілері филиалы кәсіпкердің электр желілеріне қосылу бойынша жұмыс жобасының жоқтығына сілтеме жасай отырып, коммерциялық ғимаратқа электр энергиясын беруді тоқтатуды көздеген. Бұл ретте, кәсіпкер түсіндіруі бойынша, монополист-кәсіпорынның талаптары артық және негізсіз, сонымен қатар 3 млн теңгеге қосымша шығындарға әкеп соғады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп уәкілетті органға тиісті хаттар жолдап, нәтижесінде ұйым кәсіпкердің ғимаратын электр энергиясымен қамтамасыз етуді жалғастыруда және оны өшіруді жоспардан алып тастады.
Фото: yakutia.info
Дереккөз: www.gov.kz