Тәжікстан Президентінің Астанаға сапары: Қандай құжаттарға қол қойылды

– Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында 9 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қол қойылған құжаттар:

1. Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларациясы;

2. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кеден қызметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтер алмасуды ұйымдастыру туралы хаттама;

4. Түркістан (Қазақстан Республикасы) және Худжанд (Тәжікстан Республикасы) қалалары арасында Бауырластық қатынастар орнату туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы туризмді дамыту комитеті арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы жол картасы;

6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;

7. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған өнеркәсіп және инновациялар саласындағы өзара іс-қимылдың бірлескен жоспары;

8. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы экспорт агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алған болатын.

Ал 3 мамырда Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.

Бүгін қос елдің басшылары шағын құрамдағы келіссөз өткізді. Өз кезегінде Э.Рахмон Астанаға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар