Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлеріжәне тыл еңбеккерлері! Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке фашистік басқыншыларға қарсы қанды шайқастарда біздің өмір сүру құқығымызды, бостандық пен жарқын болашақты қорғаған жауынгерлердің даңқы мен ерлігінің символы болып табылады.

Атасы не арғы атасы Отан үшін от кешкен немесе қаза тапқан әрбір қазақстандық отбасы үшін Жеңіс күні ерекше маңызға ие. Біз Ұлы Отан соғысы майдандарындаөз өмірін қиған, тылда аянбай еңбек еткен жандардың бәрін мәңгі есте сақтаймыз.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ержүрек бабаларымыздың алдында мәңгілік қарыздармыз, олардың табандылығы мен шыдамдылығының, қажырлылығы мен отансүйгіштігінің арқасында біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, болашаққа берік бет түзеудеміз…» деп бірнеше рет атап өтті.

Бүгінде сол сұрапыл соғыстың тағылымын ұмытпау, аға ұрпақтың теңдессіз ерлігін ардақтау, ардагерлерге қамқорлық көрсету – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Біз ұрпақтар сабақтастығын сақтай, қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайта отырып, Қазақстанның гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп, жасампаз істерді жалғастыра беруіміз керек.

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері! Осы айтулы күні баршаңызға шын жүректен көтеріңкі көңіл-күй, бақыт пен береке тілеймін! Қайғы мен қиыншылық сіздерді айналып өтсін, жақын адамдарыңыздың назары, қамқорлығы мен жылуы өмір жолдарыңызды одан әрі жылыта түссін.

Құрметті ақмолалықтар! Сіздерге тағы да арман-мақсаттарыңыз орындалып, өзара түсіністікке және табысқа жетулеріңізге тілектестік білдіремін. Әр шаңырақта бақыт пен береке көрініс тауып,  Қазақстанымыздың аспаны әрқашан ашық болсын!

***

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

 Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын!

Бұл күні біз адамзат тарихындағы ең қанды соғысқа қатысушыларды, Жеңіске жетіп, үйлеріне оралып, сондай-ақ, соғыстан кейінгі жылдары тылда халық шаруашылығын қалпына келтіріп, қайта жаңартқандарды құрметтейміз, майданда қаза тапқандарға және ауруханалардағы жаралардан қайтыс болғандарға тағзым етеміз. Сол бір сұрапыл жылдары қазақстандықтар да бұрынғы Кеңес Одағының барлық тұрғындарымен тең дәрежеде жоғары патриотизм, батырлық пен табандылық танытып, жеңіске зор үлес қосты.

Біздің мемлекетіміз әрдайым соғыс және тыл ардагерлерін әлеуметтік  қолдауға жете көңіл бөліп, тиісті жағдайлар жасап келе жатқанын осындай маңызды сәтте тағы бір ауызға алғанның да артықтығы жоқ.

Бұл күндері қымбатты ардагерлерімізге қажырлы еңбектері, сарқылмас даналықтары  мен белсенді азаматтық ұстанымдары  үшін мың мәрте алғысымды білдіргім келеді. Майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне, жесірлерге, соғыс балаларына – Ұлы Жеңісті жақындатқандардың барлығына үлкен тағзым!

Сіздерге бүгінгідей мереке әрі ұлы ерлікке бас ию күні зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр, бақыт пен амандық тілеймін! Әрқашан жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен құрметі, қамқорлығы пен жылы көңіліне бөленіп жүре беріңіздер. Біздің еліміздің аспаны ұдайы ашық болсын, әр шаңыраққа ынтымақ-береке, ырыздық пен молшылық орын алып, тек балалардың көңілді күлкісі, жарқын дауыстары ғана өмір көркіне айналсын. Ұлы Жеңіс мерекесі тағы да құтты болсын!  естілсін. Жеңіс күні құтты болсын!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар