Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың  7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен  құттықтауы!

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке әскеріміздің офицерлері мен сарбаздарын, ардагерлері мен азаматтық қызметкерлерін – Отанына адал және лайықты қызмет етуді парыз санайтындардың барлығын біріктіре түседі.

Халқымыз қашанда өз елінің әскери антына адал, нағыз патриоттарынерекше қастер тұтқан. «Қазақ әскерінің озық дәстүрлері туған жерін ерлікпен қорғаған ата-бабаларымыздың ерлігінің, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың теңдессіз ерліктерінің заңды жалғасы болып табылады». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөздерімен әрбір қазақстандық келіседі деп ойлаймын.

Біздің Қарулы Күштеріміз әрқашан қазақстандық қоғамның басты құндылықтары – бейбітшілікті, бірлікті, келісім мен тұрақтылықты, мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтаудың кепілі болып келеді. Қазіргі заманғы Қазақстан әскері жауынгерлік дайындықтың,жабдықталу мен ұтқырлықтың  жоғары деңгейіне жетіп, кез-келген сыртқы қауіпке қарсы мықты қалқанға айналды. Ал, әскерде қызмет ету әрбір қазақстандықтың аға ұрпақтың ерлік дәстүріне негізделгенабыройлы борышы, адамгершілікжәне рухани шынығу мектебі деп бекер айтылмаған.

Ақмола жері батырлар мен ерлерге бай. Біздің даңқты жерлестеріміз Сағадат Нұрмағамбетов, Рахымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллиннің аңызға айналған аяулы есімдері баршаға мәлім. Олардың әрқайсысы кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге және баянды бағдар болып қалады. Бүгін осы игі дәстүрді жалғастырып, саналы ғұмырын әскери қызметке арнаған, сөйтіп, нық түрде еліміздің егемендігі мен қауіпсіздігі және ұлттық мүдде күзетінде тұрған әрбір жанға шын жүректен алғыс сезімімізді білдіргім келеді.

Құрметті жерлестер! Мамырдың осынау тамаша күніСіздердің баршаңызға зор денсаулық, табыс пен амандық тілеймін! Қасиетті жерімізде әрқашан бейбітшілік пен келісім жалғасын таба берсін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Өңірдің депутаттық корпусы атынан Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!1992 жылы 7 мамырда елдің тұрақтылығының, оның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігінің кепілі болған Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерін құру туралы Президент Жарлығына қол қойылды.

Бұл күні біз дәстүрлі түрде қарулы күштердің ардагерлерін және мемлекеттің егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғайтын барлық әскери қызметшілерді құрметтейміз. Отан қорғаушы атағы өздеріне даңқты әскери дәстүрлерді сақтай отырып, еліміздің жердегі, аспандағы және теңіздегі  тұтастығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісін таңдаған мыңдаған қазақстандықтардың кәсібі мен берік өмір салтына айналды. Қазақстан жауынгерлері 78 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең қанды соғыста ел бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған әкелер мен аталардың дәстүрлерін абыроймен жалғастырып келеді. Мемлекет олардың қалыпты қызметі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудан ештеңені аянбауды.

Ақмола облысының тұрғындарын, бүгінгі таңда елдің қауіпсіздік күзетінде тұрған ержүрек жауынгерлеріміз бен ардақты ардагерлерімізді  осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бейбіт өмір және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін одан әрі табыс тілеймін!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар