Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы - АРҚА АЖАРЫ

Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы

Осыдан 27 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, 2012 жылғы 4 қазанда Парламентіміз«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» ережені қарады және қабылдады.

Ол бойынша 7 мамыр мемлекеттік мереке – Отан қорғаушы күні болып жарияланды. Бұл күн қазақстандықтардың Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді. Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдарында әрқашан елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби әскер қатарын күшейтуге ерекше назар аударды.Бүгінгі таңда жергілікті әскери басқару органдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Үкіметтің Қаулыларын, Қорғаныс министрінің бұйрықтарын және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 733 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы» ережебекітілген еді. Осыған байланысты Ақмола облысы әкімдігінің каулысы бойынша жыл сайын өңірімізден әскер қатарына 2000-ға жуық жас сарбаз шақыртылады. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін бұл мерзімді әскери қызметке шақыруға 18 жастан 27 жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылу құқығы жоқ азаматтар жатады.

Бүгінгі таңда ақмолалық жас жігіттер еліміздің барлық облыстарында өзінің әскери борышын намыспен атқаруда. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бөлімдері әскерге шақырудың алдында  шақырушыларды зерделеуден өткізеді. Олардың білім деңгейі, денсаулығының жағдайы, диспансерлікбар-жоғытуралы құқық қорғау орғандары және мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы сұраныс жолданып, ақпарат алынады. Бәрі дұрыс жағдайда біздің жастарымыз еліміздің Отан қорғаушылары қатарын толықтырады. Осы ретте, Ұлы Жеңіс күні сияқты қасиетті мерекелер жас ұрпаққа халқымыздың қаһармандық тарихының ерлік беттерін ұмыттырмау үшін ерекше маңызды. Жеңіс үшін өмірінқиған батырлардыңесімдерін мәңгі есте сақтағанымыз жөн. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап мыңдаған ақмолалық Отанды қорғауға құлшыныс білдірді. Тек бір ғана біздің облыстан 63 мың жауынгер майданға аттанды. Дәл осы біздің жерде 310, 29, 387-інші атқыштар және106-ыншы атты кавалериялық дивизиялары құрылды. Есімі аңызға айналғандардың бірі – Талғат Жақыпбекұлы БигелдиновКеңес Одағының Батыры жоғары атағына екі мәрте ие болды.Сондай-ақ, тағы бір жерлесіміз Ақан Құрмановтың жауынгерлік жолы 1943 жылдың қыркүйегінде басталды. Ол Орталық майданда соғысқан.  Ерлікпен қаза тапқаннан кейін Украинаның Чернигов облысы Репкин ауданыныңМысы селосындағы бауырластар зиратында жерленген. 1944 жылы 15 қаңтарда оған Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы берілді. Сонымен бірге, облыс орталығы – Көкшетау қаласында еңселі ескерткіші асқақтап тұрған даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің Мәскеуді қорғаудағы ерлігі де Батыр атағымен аталып өтіп, жер-жаһанға жайылды.

Мұның бәрі ақмолалықтардың зұлым жауға қарсы қан майданда асқан батырлықпен шайқасқандарын көрсетеді. Осы сөзіміздің айғағындай, 38 ақмолалық жауынгерКеңес Одағының Батыры жоғары атағына ие болса, жеті жерлесіміз жауынгерлік ерліктің тағы бір символы –Даңқ орденінің толық иегері атанды.

Отан қорғаушы күні ҰлыЖеңіс күнін мерекелеумен тығыз байланысты болса, мұның да үлкен мәні бар. Өйткені, әкелеріміз бен аталарымыздың Отан қорғаудағы еңбегі мен батырлығына баға жетпейді. Ал, сол сабақтас тықты лайықты жалғастырып келе жатқан кім десек, ішінде ақмолалық ұл-қыздар да бар біздің бүгінгі жас буын. Бұлхалқымыздың ұлы ерліктерге қашанда қабілетті екендігін көрсетсе керек.

Жалпы, Ақмола облысының жастары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, мемлекеттік күзетжәне шекара қызметінде, ҰлттықҰлан менТөтенше жағдай министрлігінің әскери құрамдарындаазаматтық борыштарын лайықты өтеуде.Бүгінгі таңда облысымызда көктемгі әскерге шақыру науқаны штаттық режимде жүргізіліп келеді. Алдымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің әскер қатары толықтырылды.Бүгінгі таңда Қарулы Күштерқатарына да кезекті әскери лек жіберіліп жатыр. Алайда, осы арада әскерге шақырылатын жастардың денсаулық жағдайынатоқталғанда, мына бір жайларға екпін түсірмей тұра алмаймыз. Қазіргі уақыттабіздің ұл-қыздарымыз күні-түні ұялы телефонға тәуелді. Мұның кесірінен жастардын басым көпшілігінің көру қабілеті нашарлап барады. Сондай-ақ, әскери комиссиялардан өткенде арқа омыртқасының кисықтығы, жүрек-қан тамыр аурулары, артық салмақтың болуы немесе салмағының жетіспеуі көрініс беріп, әскерге жарамсыз болып жатады. Мұның өзі кейде осылай бола берсе, Қарулы Күштерімізді кімдермен толықтырамыз деген сауалды да көлденең қойғызып жататыны бар. Сондықтан, жастар денсаулығына, олардың ертең әскер қатарында шынығып, шыңдалуына, осыған қоғам да, ата-аналар мен балаларының өздері де барынша мүдделі болуларына жете көңіл бөле түскеніміз жөн.

Дегенмен де, әскери мамандық қашанда құрметті кәсіптердің біріне жататындығы бізді қуантпай қоймайды. Оны саналы жастарымыз да түсінеді. Содан болар, жоғары әскери оқу орындарына оқуға түсуге жыл сайын Ақмола, Көкше өңірлерінен шамамен алғанда жүзге жуық жас тілек білдіреді. Бүгінгі таңда осындай сынақтан сүрінбей өткен 14 жігітіміз болашақ әскери мамандығының қыр-сырына бойлауда. Соның ішінде құрлық әскері институтында 12, Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы институтында 2 және Қорғаныс Министірлігінің әскери колледжінде 29 өреніміз осы биікті бағындыру үстінде. Олардың бәріне әрине, алдағы үлкен өмір жолдарында сәттілік тілеп, бабалар өсиеті мен ерлігіне адал болса екен дейміз.

Әскери борышын ойдағыдай атқарып келген  әр азамат өз ата-анасыныңкөз қуанышы болып, өмірге бұрынғыдан да сенімдірек қадам баса түседі. Өйткені, кез-келген әскери орта өзіндік бір шынығу, оң-солыңды танып-білу, Отанның, туған жердің қадірін одан әрі тереңдеп сезіне түсу мектебі. Біз әскери құрылым өкілдері ақмолалық жастардың осы бір қасиетті парыздарынан айнымай, әрдайым сенім үдесінен көріне түсулерін қалаймыз. Бұл жолда кімнен үйренемін, кімді үлгі тұтамын дейтін емес. Кешегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қаһармандық ерлік жолы, туған халқымыздың жасампаз тарихы тек қана игі істерге, өнегелі қадамдарға шақырғандай. Сондықтан, осыны түсінген жастарымыз аға ұрпақ ерлігінің қайнар көзімен тәуелсіз ел қауіпсіздігінің берік қалқаны бола алатынына аға ұрпақ өкілдерінде ешбір шүбә болмауы тиіс деген ойдамыз.

Талғат ТУРАБАЙ,
Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы, подполковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар