Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі – Қазгидромет

– «Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 10-ы күнгі ауа рай болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде циклон жырасы және онымен байланысты фронталды бөліктердің өтуіне орай найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста кей уақытта қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің қалған аймақтарында күн жауын-шашынсыз. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі, күндіз республикамыздың солтүстік-батысында бұршақ жауады.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз Қостанай облысының орталығында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде жоғарғы өрт қауіпі сақталады. Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар