Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аудан жолдарын жақсартуға 1,3 миллиард теңге бөлінді - АРҚА АЖАРЫ

Аудан жолдарын жақсартуға 1,3 миллиард теңге бөлінді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Есіл ауданына кезекті жұмыс сапары барысында халық алдында есептік кездесу өткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жақсы баға берді.

Алайда, облыс басшысы атап өткендей, өткен жылы аталмыш аудан инвестиция құю мен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша міндеттемелерін орындамағаны белгілі, өйткені, енді міне, 45 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы бойынша мердігерлердің тағы да қолайсыздық туғызып отырғаны жасырын емес. «Олар нысандарды алады, бірақ, өз міндеттерін орындамайды», – деді Ермек Маржықпаев.

– Биыл аудан жолдарын жақсартуға 1,3 миллиард теңге бөлінді. Аудан орталығындағы Элеваторная, Уәлиханов, Ватутин, Жабаев, Әуезов, Мұңайтпасов, Бөкейханов көшелерінің бойындағы, сондай-ақ, Двуречное ауылындағы жолдар жөнделеді, – деп түсіндірді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков. Сондай-ақ, ол,  – «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Красивое, Жаныспай, Бұзулық, Заречное ауылдарындағы елді мекенішілік жолдарды жөндеу жоспарлануда. Қаражат толығымен бөлінген Бұзулық-Алматы учаскесінің аудандық жолдарын жөндеуді аяқтаймыз. Есіл-Свободное-Раздольное бағытын жөндеуді бастаймыз, қазірдің өзінде 500 миллион теңге бөлініп, мердігер анықталды, – деп  қосты. Сонымен қатар, тұрғындарды алаңдатып отырған апатты көпірге қатысты:  «маусым айында мердігер алдын ала төлемді пайдаланады, содан кейін құрылыс материалдарының бағасы айтарлықтай өскендіктен, біз түзетуге барамыз. Сондықтан, 2019 жылы басталған бұл жоба келесі жылы ғана аяқталады, бірақ, әзірге айналма жолдың бойымен қозғаламыз, – деп түсіндірді.

– Заман өзгерді, сайлау науқаны оңай болған жоқ, сондықтан, құрметті депутаттар, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, ел Президенті барлық облыстар мен қалалардың әкімдеріне, мәслихат хатшыларына – құрылысқа бөлінген барлық қаражатты бақылауға алу жөнінде нақты міндеттер қойды және нысандарды жөндеу, оның ішінде жолдардың сапасын тексеру және кемшіліктерді жою сіздерде көптеген мүмкіндіктер бар, – деді Ермек Маржықпаев депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, ол биылғы жылы жобалар өте қымбат болғанымен, сумен жабдықтауда сапалы серпіліс жасалатынын айтты. Облыс басшысы жұмысты сапасыз әрі ұзақ орындап жатқан мердігерден нысандарды уақытында тапсыруды талап етті: «Біз аз қаражат төлеп жатқан жоқпыз, халыққа уәде етілген су керек, жұмыстың неге кешіктіріліп жатқанына олар бас қатырғысы келмейді, неліктен? Қаражат пен сапалы жұмыс болса, әкімдіктер, депутаттар, құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыс істеген жағдайда 2024 жылға дейін халықты сумен қамтамасыз етуіміз керек», – деп нақтылады.

Жауапты мамандар одан әрі түсіндіргендей, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Есіл ауданындағы бес елді мекенде 2 миллиард теңге игерілмек. Құрал-жабдықтар нысандарға кіріп, белсенді жұмыс басталды.

«Өткен жылы салынған блоктық-модульдік қазандықтың арқасында биылғы қыста жылумен қамтуда өткір мәселе болған жоқ», – деді аймақ басшысы. Биыл облыс әкімдігінің қолдауының арқасында ауданда жылумен қамтуға 300 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылып, бұл қаржыға құрал-жабдықтар жөнделіп, екі қазандық ауыстырылады.

Өңір басшысы Есіл қаласының қыстан кейінгі жағдайына көңілі толмай, оны ретке келтіруді, кәсіпкерлік субъектілерінің, мәселен, олардың белгілеріне назар аударуын талап етті. «Біз қаланы аралап, тозығы жеткен елді мекендерімізді санитарлық нормаларға сәйкестендіруіміз керек», – деді.

Есіл ауданының білім саласында 585 мұғалім еңбек етеді. Екі модификациядағы оқу кабинеттерін алуға 14 миллион теңге, мектеп жиһаздарын жөндеуге 6 миллион теңге, оқулықтар сатып алуға 12 миллион 800 мың теңге бөлінген. «Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ұстаздарымызға қаншалықты көңіл бөліп отырғанына барлығыңыз куәсіз – мұғалімнің жалақысы санатына және тәжірибесіне қарай 350 мың теңгеден 500-600 мың теңгеге дейін өзгеріп отыр. Менің ойымша, мұндай қаражатқа сіздер тіпті, онлайн режимінде де жақсы жұмыс істеп, пандемияның салқынын сездірмеуді үйрендіңдер. Сондықтан, бөлініп жатқан қомақты қаржыға қарай, әркім өз міндетін адал атқаруы керек», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

– Ауданда 357 медицина қызметкері еңбек етсе, оның 42-сі дәрігер. Дегенмен, дәрігерлер тапшылығы қатты сезіледі. Мәселен, педиатр, акушер-гинеколог, офтальмолог, кардиолог, эндокринолог, ЛОР дәрігері, дерматовенеролог, рентгенолог, УЗИ мамандары жетіспейді, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахилбеков. Сондай-ақ, ол, жаздың соңына қарай 3-4 маман келеді деп күтіп отырғандарын айтты. Оған қоса, ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың ұлттық жобасы аясында келесі жылы Свободное және Ақсай ауылдарында екі дәрігерлік амбулатория құрылысын салу көзделіп отыр. 15 миллион теңгеге 2024 жылы Есіл елді мекенінде ауысымына 50 адам қабылдайтын алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленгенін де жеткізді.

Облыс әкімі бұл мәселені емханамен бірігіп шешуді тапсырды, өйткені, оның жай-күйі, жұмсақ тілмен айтқанда, көп нәрсені жүктейді.

Ауданға жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Ермек Маржықпаев Есілдегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Биылғы жылдың бюджетін нақтылағанда облыстық бюджеттен қосымша 100 миллион теңге қарастырылған. Нысанда металл конструкцияларды орнату, қабырғалардың жақтауы, қажетті құрылыс материалдарын жеткізу жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Алайда, жобаны аяқтау үшін тағы 390 миллион теңге қажет.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Вероника Бурда.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар