Атқарылған жұмыстар серпін беретіні сөзсіз

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтып өтті.

Биылғы жылы ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып, нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалуда. Негізгі капиталға 134 миллион теңге көлемінде инвестициялар салынды. Соның есесінен он тоғызжобаны жүзеге асыру қарастырылуда.

− Ұлттық қор есебінен «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» жобасына 44 миллион 575 мың теңге қарастырылып, «Жаркент алғыр» құрылыс компаниясы» серіктестігі жоба мердігері болып анықталды. Сонымен қатар, көшелердің орташа жөндеу жұмыстарына 569 миллион, жарықтандыру желісінің құрылыс жобаларына  89 миллион теңге бөлінді.Жыл сайын шағын бизнес субъектілерінің экономикаға қосқан үлесі артып келеді. Осыған орай, ауданда 652 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеуде,−деді Берік Жанбаев.         

«Qoldau» геоақпараттық порталына сәйкес жоспар бойынша 541 мың гектар алқап цифрландырылды. Жер пайдаланушыларға ауыл шаруашылығы жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану туралы хабарлама жіберу арқылы 14129,2 мың гектардан астам жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды.Тұрғын үй құрылысын жандандыру және ынталандыру үшін 44 жер учаскесіне инженерлік коммуникациялық  инфрақұрылым әзірлеу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткізілді және облыстық құрылыс басқармасының қарауына жіберілді.

Ұзындығы 78 шақырымды құрайтын Қорғалжын-Арықты-Кеңбидайық-Сабынды жол учаскесін жөндеуге де 4,5 миллиард теңге бөлініп отыр. Ауданда жеке тұрғын үй құрылысы қарқынының төмендеуінің басты бір себебі,  нарықтағы құрылыс материалдарының қымбаттауы болып табылады. Халықты жұмыспен қамту мәселесіне келсек, осы өтінішпен 139 адам жүгінді.  Жастар тәжірибесіне он жас маман жіберілді. Жыл басынан шартты ақшалай көмек 40, шартсыз ақшалай көмек 8 отбасыға тағайындалды.

Денсаулық сақтау жүйесінде  130 қызметкер жұмыс істейді. Кадрларды даярлау сапасын арттыруүшін нақты жұмыстар жүргізілуде.Аудандық бюджет есебінен екі түлек анестезиолог және онколог мамандықтары бойынша  медициналық жоғары оқу орнында білім алуда. Олар 2025 жылы оқуды аяқтайды.Бүгінгі таңда, аудандық ауруханаға жаңа төрт дәрігер және екі орта арнаулы білімді қызметкері жұмысқа келді. Әкімдіктің көмегімен оларға  алты пәтер бөлініп, әлеуметтік көмек тағайындалды.Медициналық мекеме барлық қажетті  медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

−Қорғалжын ауданында дене шынықтыру және спортты дамытудың белгілі бір жүйесі қалыптасты.Оның ішінде балалар және жасөспірімдер спорты, бұқаралық спорт, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен мүгедектер арасындағы спорт та дамыған. Аудан спортшыларының облыстық жарыстарда қол жетіп жүрген жетістіктері өте жоғары,−деп қорытындылады өз сөзін  Берік Жанбаев.

Брифингте байқалғанындай, аудан әкімдігі тарапынан атқарылған жұмыстар аудан экономикасынодан әрі дамуына халықтың әл-ауқатының жақсаруына серпін беретіні сөзсіз. Ел Президентінің алға қойған барлық міндеттерін жүзеге асыруда жергілікті билік органдары мен тұрғындардың бірлескен іс-қимылдары табыс кепіліне айнала түссе, нұр үстіне нұр.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар