Вирустың алдын алуда заманауи әдістер қолданылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АИТВ-инфекциясының алдыналу орталығының бас дәрігері  Құрманбек Бұрмағанов иммун тапшылығының салдарынан қайтыс болғандарды еске алу күні жөнінде брифинг өткізді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын мамырдың әр үшінші жексенбісі  ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні ретінде атап өтіледі. Ақмола облысында адамның иммундық тапшылығының вирусы инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ халық арасында  бұл дерттің жағдайларын тіркеу жалғасуда.

−Ағымдағы жылдың төрт айында облыста аталмыш дерттің 44 жағдайы анықталды. Соңғы мәлімет бойынша 1015 адам оң АИТВ-мен  өмір сүреді, оның 94 пайызы антиретровирустық терапияны қабылдайды. Олардың жартысынан көбісі 30-49 жас тобында тіркелген, ал, жұғу жолдары бойынша жыныстық жол басым немесе бұл 79,5 пайыз құрайды. Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні қарсаңында облыста 15-19 мамыр аралығында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Оның ішінде орталық мамандарының жергілікті теледидарда сөйлеген сөздері, жергілікті жерде өзінің АИТВ мәртебесін білуге мүмкіндігі бар ақпараттық акциялар өткізу және халықтың назарын қауіпсіз жыныстық, инъекциялық мінез-құлық, қоғамды қалыптастыру мәселелеріне аударуда БАҚ, әлеуметтік желілерді жандандыру, індет жұқтырған адамдарға қатысты кемсітушілікті болдырмайды. Сонымен қатар, вирусты жұқтырған серіктесте әлі вирустық супрессия, яғни, вирустық жүктеменің төмендеуі байқалмайды, − деді Құрманбек Бұрмағанов.

Брифингті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Әсел Балтабаева жалғастырды. Ол АИТВинфекциясының алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің жаңа әдістері, әсіресе, байланысқа дейінгі профилактика мәселелері жөнінде кеңінен баяндап берді.

−АИТВ инфекциясын мінез-құлық инфекциясы деуге болады. Сондықтан, бұл туралы бірінші кезекте осы аурудың алдын алу туралы айтқым келеді. Бүгінгі таңда, бізде аталмыш инфекцияның алдыналу жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарын, жарнаманы кеңінен тарта отырып, халықтың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ, халықтың негізгі топтары арасында алдын алу іс-шараларын өткізуге бағытталған жұмыстарды өткізу арқылы жүзеге асырылады. Медицинаның дамуына байланысты бүгінде ауруды дамыту және соңғы кезеңді болдырмау тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, АИТВ жұқтыру қаупін төмендететін байланысқа дейінгі профилактиканы қолдана отырып, бұл ауруды бақылауға мүмкіндік бар. Бұл профилактикалық терапияны індеттің алдыналу орталығында халықтың негізгі топтары мен серодискордантты жұптар үшін тегін алуға болады,−деді спикер.

Байланысқа дейінгі профилактика  дәрігердің бақылауымен Достық кабинетте жүргізілді. Өйткені, терапияның өзіндік көрсеткіштерімен қатар қарсы көрсеткіштері де бар.Бүгінгі таңда, әлемде байланысқа дейінгі профилактиканың тиімділігін дәлелдейтін зерттеулер көп.Аталмыш дертті болдырмау үшін тегін экспресс-тестілеу өткізілетін акциялардың орны мен күні туралы толығырақ ақпаратты орталықтың әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан білуге болады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының»  өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар