Барлық салада дамудың оң динамикасы байқалады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтты.

Мемлекет басшысының белгілеген бағдарламасына сүйене отырып, аудан экономикалық және әлеуметтік даму жолында сеніммен алға қадам басуда.  Іс жүзінде осы жылдың бірінші тоқсанындағы қойылған барлық негізгі жоспарлар мен тапсырмалар орындалды. Бүгінгі таңда, экономиканың барлық салаларында оң динамика байқалады.

−Аудан бойынша жалпы мемлекеттік бюджетке түсімдер 725 миллион теңгені құрады. Экономикалық өсу қарқынына әсер ететін маңызды факторлардың бірі инвестицияларды тартуға жаңа тәсілдерді қалыптастыру болып табылады. Ауданда инвесторлардың өзекті мәселелерін қарау және шешу үшін ашық диалог алаңын құру арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде негізгі капиталға 667 миллион теңге инвестиция тартылды. Ағымдағы жылы 51 жаңа жұмыс орны құрылатын құны 1 миллиард теңгеден астам 8 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, жеке тұрғын үйлерді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ғимараттарды салу және іске қосу белсенді жүргізілуде, өйткені, бұл ауданды дамытудың басым бағыты болып табылады. Осы мақсаттағы құрылыс жұмыстарының көлемі 43 миллион теңге, ал инвестициялар 83 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ, коммуналдық-жалдамалы тұрғын үй құрылысы шеңберінде Державинск қаласындағы Молодежный шағын ауданында тұрғын үйді қайта жаңғырту жалғасуда. Қазіргі уақытта ішкі инженерлік желілерді салу, құрылымдық күшейту, баспалдақ торларын салу, плиталардың беттерін қалпына келтіру, сыртқы қабырғаларын қаптау, металл қаптау және жалпы құрылыс жұмыстары жүргізілуде, −деді аудан басшысы.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы бойынша ауыл тұрғындарының тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ете отырып, жұмыссыздықты азайтып, салық базасын қалыптастырады. Аудан кәсіпорындары 574 миллион теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер шығарды. Аграрлық секторды дамыту жөніндегі барлық іс-шаралар нарықта сұранысқа ие бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталды. Жарқайың ауданы елдегі ірі астық өсіретін өңірлердің бірі ретінде жетекші орын алады.

−Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 миллиард теңгені құрады. Аудандағы барлық санаттағы шаруашылықтардағы ірі қара малдың жалпы саны 14 889 бас. Жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру ауданның маңызды міндеттерінің бірі. Ауыл шарушылығы жерлерінің мониторингі бойынша 62 мың  гектар ауыл шаруашылығы жерлері анықталып, тиісті шаралар қабылдау үшін жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды. Басқарма 42 мың гектар аумақта тексеріс жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, осы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері жиырма есеге өсті. Сондай-ақ, жол желісін жақсарту үшін ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 644 миллион теңге бөлінді. Державинск қаласы, Далабай,Тассуат ауылының жол желісінде және  «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Гастелло мен Пятигорское ауылында кентішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, −деді Жанболат Хамитов.

«Державинск қаласындағы сумен қамту жүйесін қайта құру» жобасы аясында жұмыстар жалғасуда. Жоба құрылыс материалдары мен жұмыстарға бағаның өсуіне байланысты сметаны түзетуден өтті және сараптаманың оң қорытындысы шықты. Қазіргі уақытта білім беру жүйесін жақсарту үшін барлық күш-жігер жұмсалуда. Осылайша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептер бейнебақылау камераларымен жабдықталып, ғаламтор желісіне қосылды.

−Ауданда 21 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп,оның ішінде толық жинақталған мектептер мен шағын комплектілі мектептер, кешкі мектептер мен 2 қосымша ұйым жұмыс істейді. Нақты секторда 120 жаңа жұмыс орны құрылды. Біздің тұрғындар ауданнан тыс жерлерге бармай-ақ барлық медициналық қызметтерді ала алады, себебі аудандық ауруханаға 8 білікті дәрігер мен 5 орта медицина қызметкері келді, – деп түйіндеді өз сөзін Жанболат Хамитов.

Ауданда жүргізілетін үлкен жұмыстың нәтижесі әр адамның толық жауапты еңбегіне байланысты. Ағымдағы жылға жоспарланған стратегиялық жоспарлар мен іс-шараларды жүзеге асыру халықтың мүддесіне толық жауап береді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар