Әр өңірдің өзінің ерекшелігі мен ізденісті жолы бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Мұхамедин өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жөнінде брифинг өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы тұрғыда еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму алдына нақты міндеттер қойған еді. Оларды орындау үшін Егіндікөл ауданы бойынша бірқатар іргелі жұмыстар атқарылуда.

− Біздің аудан Ақмола облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және 9 ауылдық округке бөлінген.  Аудан халқының саны 6 мың адамды құрайды. Ағымдағы жылы бюджетке 701 миллион теңге көлемінде салықтар мен басқа да түсімдер түсірдік. Аудан экономикасының құрылымында ауыл шаруашылығы 96, өнеркәсіп 4 пайызды құрайды.Алайда, ауыл шаруашылығы  саласында жалпы өнімділіктің төмендеуі, ең алдымен, дәнді дақылдар шығымының көңілдегідей болмауы табиғи-климаттық жағдайлармен  байланысты. Әрине, бұл орайда, егіншілік мәдениетін де көтеруіміз керек. Бұл алда тұрған басты міндеттердің бірі,−деді спикер.

Шағын және орта бизнесте 530 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Сондай-ақ, жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрайды. Жалпы, жұмыспен қамту қызметіне 244 адам жүгініп, 14 отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілді.  Техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шеңберінде жұмыссыздарды қажет мамандықтарға оқыту бойынша  жұмыс жүргізілуде.

− Қызметкерлерге бос жұмыс орнын ұсыну туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі, ақпарат WhatsApp, Instagram, Fasebook, BK және тағы басқа әлеуметтік желілерде орналастырылып, барлық меншік нысандарындағы ұйымдарға жіберіледі. Ауданның білім беру жүйесінде  тоғыз жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде жеті  орта мектеп, екі негізгі мектеп жұмыс істейді.2022-2023 оқу жылының басында мектептерде 1019 оқушы білім алды. Мектеп жасына дейінгі балалар міндетті алдын-ала дайындықпен толыққамтылды. Бүгінгі таңда ауданбілім беру ұйымдарында  180 педагог жұмыс істейді, −деп толықтырды сөзін Ерлан Мұхамедин.

Мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алу үшін ата-аналарға бір балаға 45 мың теңге есебінен жалпы сомасы 13,7 миллион теңге ақшалай қаражат аударылды. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан балаларды тамақтандыру мәселесі де басты назарда.

− Ауданда медициналық көмекті бірнеше емдеу ұйымдары көрсетеді. Оған 30 төсектік орталық аудандық аурухана, бір ауысымда 72 адамдықабылдайтын емхана, 14 төсектік күндізгі стационар және 10 медициналық пункт кіреді. Сондай-ақ, мәдениет мекемелері де үздіксіз жұмыс істеуде. Ауданда 4 клуб және 7 кітапхана бар. Жыл басынан бері мәдениет мекемелері 463 іс-шара өткізді. Екі мыңнан астам адам дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуда,−деп қорытындылады өз сөзін спикер.

Күнделікті тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері күн тәртібінен бір түспейді. Алда егіс алқаптары көлемін ұлғайту, сонымен бірге, жайылым мәселесіне нұқсан келтірмей, бұл мәселені ойластырып шешу, ауылдарды дамыту, инвестициялар көлемін арттыру, жеке тұрғын үй құрылысымен белсене айналысу сияқты көптеген кезек күткен жұмыстар тұр. Ең бастысы, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, баға саясатын назарда ұстау қажет десек, міндет ауқымы зор. Аудан әкімі брифинг барысында осы істер тұрақты назарда ұсталмайтынына сендірді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар