Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Жарқайың ауданына кезекті жұмыс сапары барысында Державинск қаласындағы бірнеше нысанды аралап көріп, тұрғындармен есептік кездесуі алдында ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына баса назар аударып, кейбір орын алған олқылықтардың шешімін табуын талап етті.
«Молодежный» шағын ауданында ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған 5 қабатты 80 пәтерлік тұрғын үй қайта жаңғыртылуда. Жобаның құны 469 миллион теңгені құрайды. «Жалпы желілерге – жылу, су, кәрізге жүктеме болмас үшін барлығын алдын ала қарастырыңыз», – деп тапсырды облыс әкімі. Енді тағы 7 үйді қалпына келтіру қалды. Пәтерлер ең алдымен, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға бөлінеді.
Облыс басшысы автомобиль жолдары мен автомобиль жолдарын салуға маманданған «Қарағанды жолдары» серіктестігінде де болды. Зауыт бір ай бұрын жұмысын бастаған, күніне 1500 тонна қиыршық тас пен сағатына 130 тонна асфальтбетон шығарады. Облыс әкімі кейін жарқайыңдықтармен кездесуінде кәсіпорын туралы пікірімен де бөлісті. «Өкінішке орай, Жарқайың ауданында ірі жобалар жоқ, бұл күрделі мәселе», – деді облыс әкімі аудан халық алдындағы есептік кездесуінде. – Өңірге инвестиция тарту үшін бәріміз жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамту, салық түсімдеріне атсалысуымыз керек, – деген ол, облыста көптеген жобалар жүзеге асырылып жатқанын, алайда сумен, жылумен, электрмен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жолдардың сапасына қатысты мәселелер әлі де көп екенін, бірақ, олардың кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын айтты.
– Жеке өзім жылына 250 күнді облыс бойынша іссапарларға, халықпен әңгімелесуге арнаймын. Мәселен, 2019 жылы облыс бюджеті 290 миллиард теңге болса, бүгінде ол 600 миллиардтан асты. Біз адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін барлығын жасап жатырмыз. Біз жолдарды жөндеу мен салуда жақсы жетістіктерге жеттік: мысалы, 2017 жылы 235 шақырым жол жамылғысын жөндеуге 19 миллиард теңге жұмсалса, өткен жылы Үкімет бөлген 60 миллиард теңгеге 980 шақырым жол игерілді, – деді өңір басшысы интерактивті слайдтардағы жөндеу жұмыстарының географиясын көрсетіп.
Баспана кезегінде тұрған жарқайыңдық тұрғындар үшін жағымды жаңалық бар. «Тұрғын үй құрылысы жақсы қарқын алды: біз жылына 650 мың шаршы метрді жалға береміз. Жарқайың ауданында жыл сайын дерлік бір үй беріліп тұрады. Қазір 80 пәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртылуда. Кезекте тұрған 300 жарқайыңдық үшін бұл жақсы қолдау. Тек жылуды қосқанда басқа үйлер суып кетпеуі үшін немесе су жеткілікті мөлшерде келмей қалмас үшін инженерлік желілерді тартып үлгеру керек», – деді Ермек Маржықпаев. Сондай-ақ, жылу беру маусымы салыстырмалы түрде тұрақты болғанын, өңірдегі ауыз судың сапасына қатысты үш жылдық жобаның жақын арада аяқталуы керектігін айтты.
– Өкінішке қарай, құрметті депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, тұрғындар, өткен жылы Жарқайың ауданы өңірді қорытындылағанда өнеркәсіп, инвестиция және тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша үш негізгі көрсеткіш орындалмады, – деген өңір басшысы:
– Біз бүгін құны жоғары қиыршық тасты ұсақтау және сұрыптау бойынша жақсы инновациялық зауыттың арқасында салалық көрсеткіштерді жақсартамыз деп сенемін. Тек осы компания жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге мемлекеттік тапсырысты орындап, логистикалық мәселелер шешімін таппақ. Оған қоса, даму қуатының басым екенін атап өтті, себебі, бизнес үшін қосымша электр қуаты жоқ басқа аудандарға қарағанда, электр энергиясы бойынша мәселе жоқ.
«Өңірде өсу үшін қажеттіліктің бәрі бар: климаты да, іскерлік белсенділікте жақсы, бизнестің жол картасы – бизнес орындарын ашу мен алға жылжытудың көптеген тиімді құралдары бар, біз әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп нақтылады Ермек Боранбайұлы.
– Ағымдағы жылы жол саласын дамытуға 644 миллион теңге қарастырылған. Тассуат ауылын жөндеуге 166 миллион теңге, Далабай ауылына 134 миллион теңге, Державинск қаласына – 150 миллион теңгеге жолдарды жөндеуді қарастырып отырмыз. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Гастелло және Пятигорское ауылдарының жолдарын жөндеуге 193 миллион теңге бөлінді, – деп мәлімдеді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков.
– «Жол жөнделіп жатқан жерде көшелерді жарықтандыру, абаттандыруға кешенді түрде қарау керек», – деп тапсырма берген облыс басшысы, депутаттарға бюджеттік өтінімдерді пысықтау керек екенін, су жатқан тастың астынан ағып кетпейтінін мысалмен келтірді. Біз Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды орындауымыз керек. Мемлекеттің, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың сенімді тірегі болып, салынып жатқан нысандардың ойдағыдай жұмыс істеуі үшін халықтың талап-тілектерін ескеру керек екенін айтты. Сонымен қатар, ауданның орталық көшелері азды-көпті ретке келтірілгенімен, абаттандыру жұмыстарындағы кемшіліктерге баса тоқталды. Өйткені, көп жерде үйлердің қирандылары бар, үйлердің аулаларындағы көңдерді техникамен тазарту жұмыстарын қолға алу керектігі байқалып тұр. Біз бәріміз қазақстандықпыз, бір үйміз, елді мекендерімізді ретке келтіру әрқайсымыздың міндетіміз болуы керек.
Облыс әкімі ауданға жұмыс сапары барысында шағын жинақты мектептердің үлкен мәселе екендігін алға тартып, ауданда 56 пайыз білім сапасының өте төмен екенін де айтты.
– Ауданда 200-ден астам медицина қызметкері еңбек етеді, 20 дәрігердің орташа жалақысы 560 мың теңге болса, 105 медбикенің орташа жалақысы 260 мың теңгені құрайды. Ауданға төрт тар шеңбердегі маман қажет. Жаздың соңында кадр тапшылығын жою үшін жалпы тәжірибелік дәрігерлердің келуін күтеміз. Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Пятигорское ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда, жер бөлінді, – деп хабарлама жасады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахилбеков. Басқарма басшысының сөзін аудандық аурухананың бас дәрігері Эльмина Нұралина: бірінші тамызға дейін ауылдарда 5 жалпы тәжірибелік дәрігер, 7 орта медициналық қызметкер және екі тіс дәрігері науқастарға қабылдау жасайтын болады, – деп растады.
Есептік кездесуге қатысып отырғандардың бірі, ауруханада жылжымалы сатының қашан жұмыс істейтінін сұрады. Оған, облыстың бас дәрігері биыл жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, келесі жылға жөндеу жұмыстары жоспарланады, – деп жауап берді.
Агроөнеркәсіптік кешен мамандарының растауынша, биыл ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарына қатысты барлық проблемалық мәселелер жойылған. Залда отырған жарқайыңдық тұрғындардан өткен жылғыдай пай мен субсидияға қатысты өткір сауалдар болғаны байқалмады.
– Барлық аудандарда гектарына түсетін салық жүктемесі бойынша қозғалыс бар, ал, бұл мәселені әлі пысықтамаған үш ауданның қатарында Жарқайың ауданы да тұр, – деп сынады облыс әкімі.
– Бүгінгі таңда аудандағы ауыл шаруашылығы саласындағы еңбекақы 177 мың теңге болса, Ақкөлде – 268 мың, Астраханда – 220 мың, Бұландыда – 230 мың, тіпті, шөгіндісі көп қолайсыз топырақты Целиноград ауданында – 232 мың, Есіл мен Жарқайың аудандарында 200 мың теңге. Ал, сіздерде жақсы техника бар, агроөнеркәсіп кешенінде 1200 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылған, жерді жақсы білетін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздік агрономдары мен басшылары жұмыс істейді, өнім жаман емес. Сондықтан, мардымсыз жалақы мәселесін тоқтату керек, – деп түйіндеді сөзін облыс басшысы Ермек Маржықпаев.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Вероника БУРДА.
Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.