Ауылдарға су келді

Атбасарда 100 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысын  осы жылдың 1 қазанына дейін аяқтап, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды қоныстандыру жоспарлануда. Бұл жөнінде Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

Халықты тасқын судан қорғау аймақтарынан көшіру жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында Атбасар қаласында 100 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Алайда, үйлер өткен жылы пайдалануға берілуі керек болатын. Құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты құрылыс тоқтатылды.

−2021 жылы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты барлық басқа нысандар қайта жөндеуден өтті осы екі үй ғана тыс қалды. Бүгінгі таңда бұл компания әр үйден шамамен 120-130 миллион теңге шығынға ұшырап отыр,бірақ жол картасы қабылданғандықтан, биыл 1 қазанға дейін аяқтап, осы 200 пәтерге адамдарды қоныстандыру жоспарлануда. Аталған себептер бойынша үйлерді мерзімінде тапсыру мүмкін емес. Алайда, қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Атбасар-Сочи», «Атбасар-Қима» маршруттары бойынша жолдарға және Сергеевка, Борисовка ауылдарындағы көше жолдарына орташа жөндеу жүргізілетін болады, – деді спикер.

Биыл Атбасар ауданында ауқымды инвестициялық жобалар іске асырылатын болады. Дегенмен, құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылғымен салыстырғанда төмендеді. Бұл өткен жылғыекі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен байланысты.

− Жалпы, ауданда 2,5 мың жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Жұмыспен қамту орталығына 392 адам жүгінді. Бүгінгі таңда жұмыссыз жүрген азаматтар тұрақты жұмыс орындарына орналастырылып, аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Алдағы уақытта Сочинское ауылында су құбыры желілерін салу жобалары іске асырылатын болады.

Сондай-ақ, Новосельское ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту, Полтавка және Магдалиновка ауылында су құбыры желілерін салу жоспарлануда.Атбасар қаласындағы 9 көпқабатты үйдің сыртына жөндеу жүргізілді. Су басу аймағынан адамдарды құтқару үшін биыл №1 шағын ауданында инженерлік коммуникациялары бар екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, −деді аудан әкімі.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар