Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

26 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында — адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, заң кеңесшілері, тергеушілер, мемлекеттік органдардың басшылары.

Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты кеңес алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан кеңес алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Көкшетау қаласында акция Абай көшесі, 76, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бас ғимараты мекен-жайы бойынша өтеді.

Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!

Акцияны ұйымдастырушылар — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Zakon.kz» желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Көмектесу үшін бірігеміз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар