Ақмола облысында «ЖЕР АМАНАТЫ» комиссиясы нәтижелі жалғасып жатыр

Ақмола облысында пайдаланылмаған және жер заңнамасын бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы партия жанындағы «Жер аманаты» облыстық комиссиясының отырысында талқыланды.

Жер ресурстарын пайдалану бойынша облыстық басқарма өңірде ағымдағы жылы 174 мың гектар аумақта 38 тексеру жүргізіп, аудан бойынша 19 заң бұзушылық анықталған. Қазіргі уақытта пайдаланылмай жатқан жерлердің  52,5 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды, оның 13,4 мың га ғана өз еркімен бас тарту негізінде, жалға беру мерзімі аяқталғаны 17,8 мың га. Департаменттің талап арыздары бойынша сот шешімдері негізінде 21,3 мың га жер мемлекет меншігіне қайтқан. 34 мың га жер бойынша іс сотта қаралуда.

Сондай-ақ, Ақмола облысының жер ресурстарын пайдалану басқармасы бұрын берілген жерлерді пайдалануды реттеу арқылы ауыл шаруашылығы айналымына 191,1 мың га жерді қосқан.   Бұл ретте Степногорск, Жарқайың ауданы, Қорғалжын, Ерейментау, Жақсы мен Біржан сал ауданының әкімдіктері заңсыз берілген жерлерді қайтару жұмыстарын баяу жүргізіп келеді.

Мәселен, Зеренді ауданы бойынша мемлекет қорына 1400-ден астам жер қайтарылған. 2022 жылы ерікті түрде  бас тарту негізінде жалпы көлемі 290 га жер учаскесі арнайы жер қорына қайтарылды. Ал биылғы жылдың 5 айында 609 гектар жер қайтарылған.

Зеренді ауданы аумағында 79 елді мекеннің тұрғындарының малын жаюға арналған жайылымдық жер тапшылығы, 68 елді мекенде 81,1 мың гектар аумақта жайылымдық жер тапшылығы байқалуда. Бұл мәселені  тек заңсыз берілген жерлерді қайтару арқылы шешеміз деп отыр Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Әсер Құрманғожин.

Жалпы,  «Жер аманаты» комиссиясы жұмысын бастаған уақыт бір жыл ішінде Ақмола облысында мемлекет меншігіне 2022 жылы 302 мың гектар жер, ал биылғы жылдың 5 айында 243 мың гектар жер қайтарған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуге тапсырма бергені белгілі. Президенттің қоғамдық тірегі ретінде партия бұл мәселені шешуге атсалысуға кірісіп кетті.

«Жер аманаты» облыстық комиссиясының мүшелері тиісті ұсыныстар қабылдап, мемлекеттік органдарға жолдады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар