Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баланың бөтені болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Баланың бөтені болмайды

Бала – бақыт, бала – байлық.  Өмірімнің жалғасы, көз қуанышым дейтін ата-аналар ғұмыр мәнін баламен сабақтастыратыны бар. Зеренді ауданына қарасты Баратай ауылында тұратын Сайран мен Гүлнәр Ыбыраевтар бақыттың кілті балада деп ұғынады. Бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, өз жүрегіне жалғасқан балаларынан бөлек, өзге ұлттың да жәудіркөздерін бауырларына басып, олардың бұл өмірден өз бақытын тауып кетуіне барынша үлес қосып келе жатқан жүрегі кең, пейілі таза, жаны жомарт жандардың өнегесі кім-кімге болмасын үлгі болмақ. Гүлнәр апайдың айтуынша, әлемде барлық бала бақытқа лайықты, баланың бөтені болмайды.

Ауыл – қазақтың түп тамыры. Мейлі, сіз үлкен мегаполисте, тіпті шетелде өмір сүрсеңіз де, бәрібір ауылдан нәр алған бала жүрегіңіз ауыл деп  елеңдеп тұратыны бар. Ал, бар ғұмырыңыз ауылмен сабақтас болса ше?!Мұндайда, ауыл тағдырына жүрек қайтіп елеңдемейді, көңіл қайтіп алаң күй кешпейді? Осыдан он екі жыл бұрын Баратай ауылындағы жалғыз білім ошағы мектепте оқитын балалар санының аздығынан жабылып қалуы мүмкін еді.Жақын ауылдардың біріне балаларды апарып оқыту мәселесі көңіл көншіте ме? Ауылда мектеп жабылса, ауылдың болашағы да бұлыңғыр деген сөз.Бұл мәселе ауыл тұрғындарын қатты толғандырды. Екі адамның басы қосыла қалса болғаны, бар әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбитін. Табылар шара қандай? Бір күні Ыбыраевтар әулетіне осы отбасының байырғы досжар адамы, бизнесмен Абай Әлиев есімді азамат қонақ болып келіп, сөз арасында қамқорлыққа бала алу мәселесін ортаға салды. Алғашында құлаққа оғаш естілгенімен, бала дегенде Гүлнәр апайдың жүрегі шым ете қалғаны бар.

– Үш ұл жетілді. Екеуі бір-бір шаңырақ. Алла қаласа кіші ұл да  шаңырақ көтеріп, қанаттанады. Мына үлкен үй, қара шаңырақта екеуден екеу отырасыңдар ма? Екеуің де ақкөңіл, обал мен сауапты білетін жүрегі таза, пейілі кең, аса мейірімді жандарсыңдар. Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қамқорлыққа алатын болсаңдар, мол сауап емес пе? Сендердің қолдарыңнан келетін шаруа. Тағдырдың тақбезесін тартқан балаларөздеріңдей өнегелі ата-анамен табысар еді, отбасылы болатын еді. Мектепке балаларды апарып, арқа-жарқа тіршілік қайнап, сендер де бір жасап қалатын едіңдер. Ойланып көрсеңдер қалай болады? –  деп қолқалады ол.

Қонақ жол жүріп кеткенімен, айтылған орамды пікірі көкейден кете қоймады. Екеуі ақылдасты. Бірақ, бірден жүрек дауаламады. Ақылға салып таразылап көрді, сабырға салыпсалмақтады, бәрібір де бір шешімге келе алмады. Бала тағдыры ойыншық емес, зор жауапкершілік. Осының  барлығын бағдарлай, бағамдай келе, бәрібір де бір оңтайлы шешімге келе алмай жүрген шақта аттай төрт жылдың қалай өтіп кеткендігін  де аңғармай қалыпты. Иә, уақыт деген зымыран, сынаптай сырғып жатқанын білдіртпейді. Уақыт өтіп жатқанымен, жүрекке бекіген сол бір ой маза бермесе керек. Ойлай берді. Қайтсек дұрыс болады деген мәселені қайта-қайта сөз етті. Гүлнәр апай әуелден бір қызым болса деп армандайтын. Сонымен, отағасы екеуі балаларымен ақылдасып, жетімдер үйінен бір қазақ қызын бауырларына басып тәрбиелеуге бел буады.

Бұл 2015 жыл еді. Қажетті құжаттарды дайындаған соң, Ақкөл ауданында орналасқанбұрынғы балалар үйі, қазіргі өмірлік қиын жағдайда қалған балғындарға арналған «Шанс» орталығына барып, сондағы басшылыққа базыналарын айтады. Ал, олар болса, орталықта қазақ қызы жоқ,бірақ, сегіз жасар Вика есімді өзге ұлт өкілінің қызы бар екендігін алға тартады. Бірақ, оның өзінен кіші қос бауыры бар екендігін де жасырмайды. ОрталықтыңАнна Васильевнаәлеуметтік педагог маманы Гүлнәр Әмірханқызымен ашық сөйлесіп, «Бұл балалар сондай бауырмал. Олар өз отбасымыз болса екен деп қатты армандайды. Иә, олар өзге ұлт өкілдерінің балалары. Бірақ, барлық бала бақытты болуға лайықты ғой. Ойланып көріңіздер» қолқалайды. Сөйтіп ақылдаса келе, олар осы үш баланы да патронаттық тәрбиеге алуға бел буады. Патронаттық тәрбиеге алған балалар шарт бойынша алдымен бір аптаға жаңа отбасына барып, жаңа жерге үйренеді екен.

– Балаларды ауылға алып келген алғашқы апта біз үшін бір сынақ болғандай еді. Өз балаларымыз есейіп кеткен, екеуіміз тыныш өмірге үйреніп қалғанбыз дегендей. Бір емес, үш бірдей кішкентай бала үйге келгенде қандай у-шу болатынын елестете беріңіз. Үйде шашылған ойыншық пен заттан аяқ алып жүре алмайсыз. Абайсызда сындырып алған заттар, асыр салып ойнаған балалар… бәрі де бізге үйреншікті емес жағдай болғандықтан, біз үшінбарлығы бір таңсық болғандай көрінді алғашқы кезде. Біз балаларды серуенге шығарып, қалаған заттарын сатып алып беруге тырыстық. Оларды барынша қамқорлыққа бөлеуге, барынша көңіл бөлуге қам жасадық. Олар да бізді жатсынбай алғашқы күннен әке, анашым деп атап кетті, – дейді Гүлнәр апай сол күндерді еске алып.

Осылайша бір апта зымырап өте шығыпты. Балалар жетімдер үйіне оралғысы жоқ. Бірақ, тәртіп сондай. Зеренді мен Ақкөлдің арасы жүз шақырымдық жер. Осы аралық бойы үшеуі жолшыбай еңіреп жылап барыпты. Арасында біреуі: «Бәрібір қашып кетеміз. Жолды жаттап алдық. Өзіміз қайтіп ораламыз» деп қояды. Соны айтады да, тағы да үшеуі қосылып еңіреп жылайды екен.  Мұндайды көрген ана жүрегі шыдай алар ма?!.

Үйге қайтар жолда ерлі-зайыптылар жолшыбай үнсіз келіпті. Әрқайсысының көз алдында еңіреп жылған үш жәудіркөздің бейнесі көлбеңдей берсе керек. Кезінде туған ата-аналары сатқындық жасаған балалар тағы да жанашырлықтан ада бола ма? Неліктен бала жүрегі жаралана беруі керек?Осындай ойлардан екеуі арыла алмаса керек.

Ауылға оралысымен, алдымен үш ұлы және екі  келіндерімен ақылдасып көреді. Мәселенің маңыздылығын, жауапкершілігін ортаға салғанда, балалар қарсы болған жоқ. Өз немерелерің бар емес пе деген де әңгіме айтылмады. «Біз бармыз, көмектесеміз», деді үшеуі бірауыздан. Балалар қолдамаса, жүрек дауаламайтын еді дейді Сайран ағаның өзі. Бәрібір де ата-ана бала пікіріне құлақ асады ғой. Міне, содан бері аттай сегіз жыл өтсе керек, күні кеше ғана балдырған болған Вика көзді ашып-жұмғанша он сегізге аяқ басып бойжетті. Ерхан – он алтыда, Олжас та ержетіп қалды, биыл он төртте.

– Балаларға білгенімізді үйреттік. Отбасылық құндылықтарды бойларына сіңіріп, өз балаларымыздан кем көрмей тәрбиелеп келеміз.  Біздің ауыл таза қазақ ауылы. Мұнда бәрі бір-біріне бауыр. Содан болар, балалар алғашқы күннен өздерін қазақ есімдерімен атап жүруді өтінді. Виктория – Әйгерім, Женя мен Ваня өз есімдерін Ерхан мен Олжас деп өзгертті. Қазіргі таңда балаларымыз ауылдың ғана емес облысымыздың мақтанышына айналған. Олар мемлекеттік тілде өтетін барлық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Бірі тамылжыта ән салса, енді бірі мәнерлеп өлең оқиды. Түрі басқа, тілі қазақ балдырған жүрегіне қолын қойып «Мен қазақпын!», «Менің тілім»  деп тебіренгенін көрсеңіз, еріксіз көзіңізге жас үйіріледі. Себебі, олар сондай шынайы, әр сөзді жүрекпен айтады. Жүрекпен жақсы көре алады, – дейді Гүлнәр апай.

Ауыл тұрғындары Ыбыраевтар отбасының үш құлыншағының тәрбиесіне тамсана қарайды. Әйгерім болса анасының оң қолы. Ол бес ұлдың ішіндегі жалғыз қызғалдақ қой. Ерке де еркін өсіп келеді. Ақылына көркі сай қыз қазіргі таңда Көкшетаудағы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 3-ші курс студенті. Болашақта тележурналист болсам деген арманы бар. Ал, Ерхан болса, Ш.Уәлиханов атындағы университет жанындағы көпсалалы колледжде қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқиды. Болашақта асабалыққа ден қойсам дейді. Ал, шаңырақтың кенжесі Олжас болса, алдына дәрігер болсам деген мақсат қойған. Оған себеп, бірде Гүлнәр апай үй шаруашылығымен жүрген сәтте абайсызда қолын жарақаттап алса керек, дәл сол күні болашақта дәрігер боламын деген түйінге келген. Себебі, анамның денсаулығы мықты болуы үшін барымды саламын деп шешкен бала жүрегі.

Ыбыраевтар әулетінің ғұмыр жалғасы – жеті немересі өсіп келеді. Алдағы уақытта үш ұлы құтты құсын қолына қондырса, шаңырақ керегесі кеңейе түспек. Бұл шаңыраққа бақыт құсы қонған. Себебі, балалардың аппақ тілегімәңгілік бақыт құсына айналған…

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.


Баратай ауылы,
Зеренді ауданы.

 Суретте: көп балалы Ыбыраевтар отбасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар