Мәжіліс төрағасы Қабанбай батыр ауылында оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады 

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Целиноград ауданына барды. Спикер оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, өңірдің ірі шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесті.

Сапар барысында Ерлан Қошанов Қабанбай батыр ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектеп түлектері мен бірінші сынып оқушыларының салтанатты жиынына қатысты.

–Бүгін біз үшін ерекше күн. Қос мереке қатар келіп отыр. Халықаралық балаларды қорғау күнімен және соңғы қоңыраумен құттықтау үшін арнайы келдім. Бүгінде мемлекет тарапынан білім беру жүйесін жетілдіруге және түлектердің өзін-өзі дамытуы үшін барлық жағдай жасалған. Жыл сайын тегін гранттар саны ұлғайып жатыр. Жаңа университеттер ашылып, түрлі бағдарламалар қолға алынуда. Педагогтардың мәртебесі артып келеді, – деді Мәжіліс төрағасы.

Мәжіліс спикері Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл елімізде 400 жаңа мектеп салынатынын атап өтті. Соның біреуі осы Қабанбай ауылында бой көтереді.

–Бұл мектеп ең жоғары стандарттарға сай салынады. Еліміздегі ең үздік мектептермен терезесі тең болады. Біраз ұстаздар мен оқушылар жуық арада жаңа әрі жайлы мектепке көшеді, – деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс төрағасымен бірге оқушыларды құттықтауға депутаттар Айна Мысырәлімова мен осы мектептің түлегі Динара Наумова да келді.

–Бүгінгі түлектер де еліміздің лайықты азаматтары болады деп сенемін. Тек қана алға ұмтылыңдар. Өз күштеріңе сеніңдер. Қиындықтардан қорықпаңдар. Сонда ғана көздеген мақсаттарыңа қол жеткізесіңдер, – деді Мәжіліс төрағасы.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов Ақмола облысының ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өтті, бірқатар шаруа қожалықтарына барды.

Өңір басшысы облыс дамуының негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері туралы хабардар етті.
Спикер егіс науқанының нәтижесімен танысып, ауыл шаруашылығы саласына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар