Республикалық қазақ тілі олимпиадасында алдан көрінді

Астана қаласында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Іс-шара мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын дәріптеуге ықпал ету мақсатында өткізіліп келеді. Бұл байқауға Ақмола облысынан 2022-2023 оқу жылындааталған олимпиаданың облыстық кезеңінде топ жарған 9 оқушы қатысты.

«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасы 5 бағыт бойынша өткізілді. Ол бағыттар: «Бейнелеушілер» сайысы (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу), «Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс), «Жас қаламгер» шығармашылық байқауы (жазбаша шығармашылық жұмыс), «Сөз шеберлері» (көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу), «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту). Бұл байқаулардың бәрінде де ақмолалық өрендеріміз жақсы өнерлерімен көзге түсіп, республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен марапатталды.

Бұл жүзден жүйрік шыққандар: «Жас қаламгер» (қазақ тілі)  бағыты бойынша Әділбек Құрман – Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 10 сынып оқушысы, «Бейнелеушілер» (орыс тілі) бағыты бойынша Анастасия Алиферова Аршалы ауданы Арнасай жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы, «Әнші-бұлбұлдар» (қазақ тілі) бағыты бойынша Индира Сұлтанова Зеренді №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы, «Әнші-бұлбұлдар» (орыс тілі) бағыты бойынша Эвелина Титова Көкшетау техникалық лицейінің 8 сынып оқушысы. Олай болса, жүлде құтты болсын, білім өлкесінің талмас талаптары!

Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар