Қазақстан 2024 жылдың соңына дейін өндірілетін мұнай көлемін тәулігіне 78 мың тоннаға азайтады

– Ерікті қысқарту 2023 жылдың 4 маусымында ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде келісілген өндіріс көлемінде жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігіне сілтемемен.

«Қазақстан сәуір айында ерікті қысқарту жариялаған ОПЕК+ елдерімен келісім бойынша, алдын алу шарасы ретінде 2024 жылғы желтоқсанның соңына дейін 78 мың б/т ерікті қысқартуды ұзартады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін ведомство Қазақстан мұнай өндіруді ОПЕК+ басқа елдерімен бірге 2023 жылдың мамырында тәулігіне 78 мың баррельге ерікті түрде қысқартатынын мәлімдеген еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар