— ОПЕК + келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіруге қойылған шектеуді 2024 жылдың соңына дейін ұзартуға келісті. Өндірістің жалпы көлемі тәулігіне 40 миллион баррельден сәл асады, бұл қазіргіден 1,4 миллион баррельге аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
ОПЕК+ елдері Венада өткен кездесуде төмендеп бара жатқан энергия бағасын қолдау үшін мұнай өндіруге шектеуді келесі жылдың соңына дейін ұзартуға келісті.
2024 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында келісім елдеріндегі мұнай өндірудің жалпы көлемі — тәулігіне 40,46 миллион баррель. Бұл қазіргіден 1,4 миллионға аз.
Әр елдің өз квотасы белгіленген. Ресей үшін бұл тәулігіне 9,828 миллион баррель, Сауд Арабиясы үшін — 10,478 миллион.
Мәскеу және Эр-Рияд — ОПЕК + қатысушылары арасындағы ең ірі мұнай экспорттаушылар.
Ангола мен Габон делегаттары кездесу кезінде ұйымның штаб-пәтерінен шығып кеткен.
The Wall Street Journal хабарлауынша, іс жүзіндегі одақ жетекшісі — Сауд Арабиясы Африканың шағын елдерінің мұнай өндіру квотасын азайтуға шақырған.