Алдағы 6 жылда елімізде 25 су қоймасы салынады – министрлік

– 2029 жылға дейін Қазақстан бойынша 25 жаңа су қоймасын салынады. Бұл туралы Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023-2029 жылдар аралығында мемлекеттік меншік декларациясын әзірлеуді ескере отырып, 77 су шаруашылығы объектілеріне көп факторлы тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар, 3,5 мың шақырым суару каналдары жөндеуден өтеді. 25 жаңа су қоймасын салынады, жұмыс істеп тұрған 16 қойма қайта жаңғыртылады», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған 6 жылдық тұжырымдамада.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, келер жылы каналдар арқылы берілетін судың тарифтері де қайта қаралады.

«Ғылыми негізділік, экономикалық орындылық және Қазақстан астанасын сумен қамтамасыз ету бойынша қолайлы жобаны таңдау тұрғысынан зерттеулер жүргізу қажет. Ол жұмыстар 2025 жылы қолға алынады. Нәтижесінде Астана су қоймасы жөндеуден өтеді, ондағы шөгінділер тазартылады», – деп жұмыс жоспары баяндалған тұжырымдамада.Құжат 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар